О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 16 августа 1995 года № 1127 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 168 қаулысымен. "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлеудің тәртiбi туралы ережеде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Лицензиялық алымның мөлшерiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және ол лицензияларды ресiмдеу мен беру кезiнде, сондай-ақ лицензиялық тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезiнде лицензиарлардың шеккен шығындарына сүйене отырып айқындалады"; 4-тармақ алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.