О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 16 августа 1995 года № 1127 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.03.2006 № 168 Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережедегi:
3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бүкiл кезең бойы тиiстi кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға лицензия беру үшiн лицензиялық алым қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша лицензия беру сәтiне бiр жолғы тәртiпте жүзеге асырылады.".
6-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.