О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 1996 г. N 1119 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1119 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 3329 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
"Қазақстан Республикасы кеден органдарында лауазымды адамдардың қызмет өткеруi туралы ереженi және Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының антының мәтiнiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1119 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 37, 354-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
2, 3-тармақтардағы "Кеден комитетiне" деген сөздер "Мемлекеттiк кеден комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы кеден органдарында лауазымды адамдардың қызмет өткеруi туралы ережеде:
"Кеден комитетiнен", "Кеден комитетiмен" деген сөздер "Мемлекеттiк кеден комитетiнен", "Мемлекеттiк кеден комитетiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.