О признании утратившим силу Указа Президента Республики Казахстан от 16 сентября 1997 года N 3636 и внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 13 декабря 1999 года N 284 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына өзгерiс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 542-құжат) мынадан өзгерiс енгiзілсiн: 1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiржолғы төлем туралы" 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 Жарлығына сәйкес бiржолғы төлемдi алуға арналған құжаттарды уақытында ресiмдей алмаған" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.