О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 16 марта 1998 года N 181 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1998 жылғы 16 наурыздағы N 181 бұйрығына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы "Әділет органдары туралы" Заңының 7 бабына 2002 жылғы 18 наурыздағы, Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" Заңының 15-бабына сәйкес, бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 16 наурыздағы 1998 жылғы N 181 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сот сарапшыларына біліктілік атағын берудің Ережесін бекіту туралы" келесідей өзгерту енгізілсін: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының сарапшыларына біліктілік сот сараптамасы атағын беру тәртібі Ережесі жоғарда аталған бұйрықпен бекітілген. Бірінші абзацтың 4 тармағында: ", құрамы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бекітіледі" сөзі алып тасталсын; екінші абзац келесідей редакцияда жазылсын: "Біліктілік комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығы директорының ұсынысымен бекітіледі".