О плане мероприятий по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 ноября 1998 года № 4153 «О государственной программе «Здоровье народа» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылғы қарашаның 16-дағы «Халықтың денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 4153 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қарашаның 16-дағы «Халықтың денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» № Жалығын орындау, облыс тұрғындарының денсаулығын қорғау және медициналық қызметтің сапасын жетілдіру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қарашаның 16-дағы «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 4153 Жарлығын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері департаменттер, комитеттер, басқармалар басшылары аталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Н. Түменоваға жүктелсін.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қарашаның 16-дағы «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 4153 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
Облыс әкімінің 1999 жылғы
1 наурыз № 28
шешімімен бекітілді
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қарашаның 16-дағы «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 4153 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
Тармақ 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Павлодар облысында денсаулық сақтауды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы дамыту стратегиясы мен «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дайындалды, ол қауырт эпидемиологиялық жағдайды жеңуге, медициналық қызмет көрсету сапасы түбірінен жақсартуға, көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға және азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған.
Іс-шаралар тұрғындардың барлық тобы үшін мүмкін болатын медициналық қызметке, сауықтырушылық бағыттарға қол жеткізу, тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік маңызды аурулардың, емдеуге болатын жұқпалы аурулардың, жалпы өлімнің сәбилер мен аналар өлімінің деңгейін тұрақтандыру және одан әрі азайту үшін денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау ісін қарастырады.
Тармақ 2. 2. Аймаққа қысқаша сипаттама, медициналық-санитарлық зерттеу ерекшеліктері
2. Аймаққа қысқаша сипаттама, медициналық-санитарлық зерттеу ерекшеліктері
Павлодар облысы 1127,6 мың шаршы метр ауданды алып жатыр, онда тұратын тұрғындар саны 875,7 мың адам, индустриясы кең дамыған, аллюминий, мұнай айыру, ферроқорытпа зауыттары және басқа кәсіпорындары бар. Облыс көмір мен электр қуатын өндіруден Қазақстан Республикасында 1-ші орынды иеленуде.