О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 16 июня 1998 года № 543 «О мерах по упорядочению оборота алкогольной продукции» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы» 1998 жылғы 16 маусымдағы № 543 қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.12.2006 № 383 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 16 маусымдағы № 543 қаулысын орындау үшін 1998 жылғы 17 тамыздан бастап облыс аумағында тұтас көлеміне қарамастан құрамында 12 проценттен астам шамасында этил спирті бар алкогольді өнімдерді сатуды тұтынушыларға қызмет көрсетуге арналған сауда орындары /сауда залдары/ және фискальды есте ұстауға қабілетті кассалық аппараттары бар бөлшек сауда ұйымдары жүзеге асыратын тәртіп орнатсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері алкогольді өнімдермен жасауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысына сәйкес тәртіпке келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы өкімнің 1 пунктінің орындалуына бақылау жасау Батыс Қазақстан облысы бойынша салық полициясы комитеті басқармасына жүктелсін.