«О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 16 июня 1998 года № 543» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы № 543 қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 29.12.2002 № 87 шешімімен.
"Алкогольдік өнімнің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы № 543 қаулысын орындау, алкогольдік өнімнің айналымына жасалатын мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында:
Тармақ 1
1. Аудандардың, Степногорск қаласының әкімдері табиғи көлемдеріне қарамастан, этил спиртінің көлемдік құрамы 12 проценттен астам алкогольді өнімдерді сатуды тиісті лицензиясы бар көтерме сауда ұйымдары мен сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған стационарлық сауда мекен-жайы (сауда залдары) және фискалда зерделі кассалық аппараттары бар бөлшек сауда ұйымдары жүзеге асыратын тәртіпті орнатсын.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған шешімдерді осы қаулыға сәйкестендірсін.
Тармақ 3
3. Аудандардаң, Степногорск қаласының әкімдері, салық комитеті, салық полициясы департаментінің Ақмола облысы бойынша басқармасы, өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникациялар департаменті осы шешімнің 1-тармағының атқарылуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Жоғарыда аталған Үкімет қаулысы қол қойылған күннен бастап екі айдан кейін күшіне енетіні еске алынсын.