О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 ноября 1999 года N 1726
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 ноября 1999 года N 1726
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1726 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1283
- Қабылданған күні
- 22.12.2003
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2011 AI17861_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030001283_
- ЭКБ идентификаторы
- 17861
- Редакция идентификаторы
- AI17861_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:41
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1726 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот қаулыларын атқару жөнiндегi комитетiн таратудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 сәуiрдегі N 494 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1 1. "Сот приставтарының нысандық киiмi мен ерекшелiк белгiлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1726 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсін:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшiлiгi жөнiндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының cот приставтары нысандық киiмiнiң ерекшелiк белгілерiнiң сипаттамасы мен үлгілерiнде:
"Сот приставтарының ерекшелiк белгілері деген бөлiмде:
төртіншi абзацтағы шеңбердiң төменгі жағында - ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛІГІ деген алтын түстес жазу" деген сөздер алынып тасталсын;
4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
3 Сот приставының атаулы жетоны
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1283 қаулысына
қосымша
4-қосымша
Суретті қағаз мәтіннен қараңыз
Сот приставының атаулы жетоны