Об утверждении изменений и дополнений в Правила ведения документации по кредитованию банками второго уровня, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 августа 1999 года N 276 "Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию банками второго уровня" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 31 қаңтардағы
N 15 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы
Тармақ 1
1. 1-тармақтағы және бүкіл мәтін бойынша "сыйақы (мүдде)", "сыйақыны (мүддені)" деген сөздер тиісінше "сыйақы", "сыйақыны" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 1-тармақтың соңғы азатжолындағы "сондай-ақ" деген сөзден кейін "осыларға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. 2-тармақтың:
бірінші бөлігіндегі "қарыз" деген сөз "заем" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмеген болса, банк кредитті кредит шарты негізінде береді.".
Тармақ 4
4. 2-тармақ қайталанатындықтан алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. 11-тармақтағы:
Тармақша 3
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 3
"3) заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар нотариалды куәландырылған карточка және банктік заем шартына заем берушінің атынан қол қоюға уәкілетті адамға заем берушінің атынан берілген сенімхат;";
Тармақша 5
5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
Тармақша 9
9) тармақшадағы "кредитті пайдалану" деген сөздерден кейін "(мақсатты кредит берілген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 10
10) және 11) тармақшалар алынып тасталсын;
Тармақша 12
12) тармақша "және заем алушының банктің заемдар бойынша берешегінің бар екендігі туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
Тармақша 13
"13) жеке кәсіпкерлер үшін мемлекеттік тіркелгені өткен (қайта тіркелгені) жөніндегі фактіні растайтын уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 14
14) жеке кәсіпкерлер үшін, клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын салық қызметі органы берген, белгіленген нысандағы құжат.";
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Егер Банктің ішкі кредит саясаты туралы ережесінде мұндай шарт көзделген болса, кредит папкасында бизнес-жоспар болуға тиіс.".
Тармақ 6
6. 13-тармақтағы "берешектер" деген сөз "кредиттер" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 7
7. 16-тармақтың:
Тармақша 2
2) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) тармақшасындағы "құжаттар" деген сөз "нотариалды куәландырылған құжаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"кепілдемешінің немесе кепілдік берушінің кредит берілген күннен кейінгі қаржылық есебі".
Тармақ 8
8. 18-тармақтағы:
"ай сайынғы қаржылық есептілік пен қарыз берушіден алынатын ақшаның жылжуы туралы есептер негізінде" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Талдау нәтижелері жөніндегі құжаттар кредиттік папкаға қоса тіркелуге тиіс".
Тармақ 9
9. 21-тармақтың:
бірінші бөлігіндегі "19" саны "20" санымен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) тармақшаның екінші сөйлемі және 3) тармақша алынып тасталсын.
Тармақ 10
10. 25-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 5
"5) алғашқы заем алушының өз борышын басқа адамға аудару негіздемесі.".
Тармақ 11
11. 33-тармақтағы "30-тармағының" деген сөздер "31-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 12
12. 34-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 13
13. Ережелердің қосымшасы алынып тасталсын.
Ұлттық Банк Төрағасы