О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 августа 1999 года N 276 «Об утверждении Правил ведения документации по кредитованию банками второго уровня», зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 904 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 904 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 276 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 904 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек-10 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 15 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1424 тіркелген), 2002 жылғы 1 тамыздағы N 279 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1965 тіркелген) және 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 130 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2344 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістер және толықтырулармен бірге) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу ережесінде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын: "инвестициялық заем (кредит) - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит): 1) заем мерзімі жеті және одан астам жылдар; 2) заем шартының талаптарымен тез арада өтеуге (толық немесе ішінара) тыйым салу белгіленген; 3) материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын заңды тұлғаға оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі."; 11-тармақ мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: "Инвестициялық заемдарда (кредиттерде) борышкердің бизнес-жоспары төмендегілермен шектелмей, мынадай мәліметтерді қарастыруға тиіс: бизнес-жоспар шеңберінде өндіріс үшін ұсынылатын тауарлар; өткізу рыноктары, оның ішінде өндірістің болжанатын көлемі және тауарлардың өзіндік құны; маркетингтің негізгі элементтері (тауарларды тарату кестесі, баға белгілеу, сатуды ынталандыру әдістері); технологиялық байланыстар кестесімен бірлесіп жасалған жылдар бойынша өндірістің жан-жақты жоспары (өнім сапасын бақылау және өндірістің ықтимал шығындарын бағалау процестері, өндіріс жабдықтарын сатып алу); тәуекелдерді бағалау және оларды басқару; жылдар бойынша жан-жақты қаржы жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарын іске асырудағы қаржы көрсеткіштері және бизнес-жоспарды қаржыландыру көлемі мен инвестициялық кредитті өтеу) және шығыстар сметасы.".
Тармақ 2
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.