О внесении изменений в решение акима Костанайской области от 16 февраля 1999 года № 31 «Об утверждении норм расхода коммунальных услуг для потребителей, не имеющих приборов учета» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға коммуналдық қызмет нормаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16-ақпандағы № 31 шешіміне өзгертулер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 26.04.2001 № 70 шешімімен. Табиғи газды пайдалануды талдау қорытындысы табиғи газды нақты пайдаланудың бекітілген нормаларға сәйкес еместігін көрсетіп отыр. «Тұрғын үйлерді ұстау және тұрғын-үй коммуналдық қызметі төлемдерін жаңа жүйеге көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12-сәуірдегі № 437 қаулысына сәйкес және есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға табиғи газды пайдалану нормаларын қалыпқа келтіру үшін ШЕШТІМ :
Тармақ 1
1. «Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға коммуналдық қызмет нормаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16-ақпандағы № 31 шешімінің 1-тармағына табиғи газды жұмсау нормалары бөлігінде өзгертулер енгізілсін : - 2000 жылдың 1-қаңтарынан бастап есептегіш құралдары жоқ тұрғындарға табиғи газды тұрмыс жағдайында жұмсау нормалары бекітілсін (қосымша). - 2000 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға коммуналдық қызмет нормаларын бекіту туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16-ақпандағы № 31 шешіміне «Есептегіш құралдары болмаған жағдайда тұрғындардың тұрмыстық мұқтаждарына арналған табиғи ғазды жұмсау нормалары» № 2-қосымшасының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 3. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға табиғи газды тұрмыс жағдайында жұмсау нормалары
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы «22» желтоқсандағы № 261 шешіміне қосымша Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға табиғи газды тұрмыс жағдайында жұмсау нормалары Рет саны Атауы Өлшем бірлігі Табиғи газды тұтынудың орташа жылдық нормалары (газ есептегіш құралы жоқ жағдайда) 1 2 3 4 1 Газ плитасы, орталықтандырылған ыстық суы және жылыту болған жағдайда м3/адам 15,00 2 Газ плитасы бар, бірақ орталықтандырылған ыстық суы және жылыту болмаған жағдайда м3/адам 18,50 з Газ плитасы, газбен су жылытқышы бар, бірақ орталықтандырылған жылы суы болмаған жағдайда м3/адам 25,00 4 1 жануарға 1 айда азық дайындау және су жылытуға пайдаланатын газ - жылқы м3 8,40 - сиыр м3 41,20 - шошқа м3 20,60 5 Тұрғын және басқа жайлардың 1 шаршы метрін жылытуға газды пайдаланғанда төмендегідей төлем төлеген жағдайда: жылыту кезеңінде м3 15,00 6 Орталықтандырылған ыстық су және жылыту болмағанда духовкалы газ плиталы тұрғын және басқа жайлардың 1 шаршы метрін жылытуға газды пайдаланғанда төмендегідей төлем төлеген жағдайда: жылыту кезеңінде м3 4,70 7 Моншада газбен су жылытқыш болған жағдайда м3 Тәулік бойы жұмыс істейтіндіктен газбен жанатын жабдықтың қуатына қарай Газ есептегіші болған жағдайда пайдаланылған газ мөлшері, қандай мақсатта пайдаланса да, есептегіш құралы арқылы анықталады.