Об утверждении Плана мероприятий по реализации задач, поставленных Президентом Республики Казахстан Назарбаевым Н.А. в торжественной речи 16 декабря 2001 года, посвященной празднованию 10-й годовщины независимости Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде алға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдық мерекесiне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзiнде алға қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде алға қойылған мiндеттердi іске асыру жөнiндегi ұсынылып отырған іс-шаралар Жоспары (бұдан әрі - іс-шаралар Жоспары) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi, облыстық басқармалар, департаменттер мен комитеттер және басқа мемлекеттік органдар іс-шаралар Жоспарын көрсетілген мерзімде мүлтiксiз және сапалы орындауды қамтамасыз етсiн. Облыс әкiмi аппаратының жауапты бөлiмдерi iс-шаралар Жоспарының iске асырылу барысы туралы облыс әкiмiне әр айдың 5-күнi ақпарат тапсыратын болсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысы Е.Е. Серiкбаевқа жүктелсiн.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдық мерекесiне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзiнде алға қойылған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар ЖОСПАРЫ
Облыстық әкімияттың
2002 жылғы 1 ақпандағы
N 12 қаулысымен "Бекітілген"
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2001 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдық мерекесiне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзiнде алға қойылған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар ЖОСПАРЫ
№/№
Іс-шаралар
Аяқтау нысаны
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзімі
1
Жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша, олардың өз қаржысы есебінен ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстарды ұлғайту жөнінде шаралар алу.
Ақпарат
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
05.07.2002 ж
05.01.2003 ж
2
Мүгедектерді сауықтырудың 2002-2005 жылдарға арналған Республикалық Бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру.
Облыс әкімі аппаратына есеп
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы
Жарты жылда бір рет
3
Өте кедей тұратын отбасыларға қосалқы шаруашылықпен шұғылдану үшін мақсатты шағын несиелер бөлуді қамтамасыз ету.
Облыс әкімі аппаратына есеп
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері
2002 жыл ішінде
4
Жұмыссыздарды кәсіптік қайта даярлау және қайта оқыту сапасын жақсарту, жергілікті кәсіпорындардың қажетіне бағдарланған мамандардың тізбесін ұлғайту.
Облыс әкімі аппаратына есеп
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
2002 жыл ішінде
5
Мақсатты топтарға кіретін адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар әзірлеу.
Аудандардың және Орал қаласы әкімдерінің шешімдері
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері
Жыл сайын
6
Үш жақты келісімнің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудандарда және Орал қаласында жұмыс берушілер ассоциациясын құру.
Ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері
Жыл ішінде
7
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
Есеп
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандардың және Орал қаласының әкімдері
Тоқсан сайын
8
Шетелдік жұмыс күшін жасырын әкелудің жолын кесу мақсатында тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жүргізу.
Есеп
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменті, облыстық ішкі істер басқармасы, облыстық көші-қон және демография басқармасы
Тоқсан сайын
9
Агроөнеркәсіп секторын дамыту интерсифтендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және ауыл тауарөндірушілерін қолдау мәселелері бойынша 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама жобасын әзірлеу.
Облыстық деңгейде келісілген бағдарлама жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыну және оның республикалық бағдарламаға енгізілуіне қол жеткізу
Ауыл шаруашылығы департаменті, облыстық экономика басқармасы
Наурыз 2002 жыл
10
Елді мекендерді көгалдандыру, қорғау, өсіру, жол жағалапуындағы алқаптарға және құм тоқтатуға ағаш егу жөнінде 2001-2003 жылдарға арналған облыстық бағдарламада қаралған шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
Жоспарланған ағаш отырғызу және ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Облыс әкіміне ақпарат. ҚР Үкіметіне және Президент әкімшілігіне ақпарат
Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, "Батыс орманы" МКК, облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасы
А.Қ.Есенғалиев
Тоқсан сайын
Белгіленген мерзімде
11
Облыстық Сапа бағдарламасын әзірлеу және бекіту.
Облыс әкіміне ақпарат
С.П.Качало, "Нац ЭкС" ААҚ-ның филиалы (В.Н.Графкин, келісім бойынша)
Қаңтар
2002 жыл
12
9000 сериялы ИСО халықаралық стандартына сәйкес сапа жүйесін әзірлеу және енгізу жөнінде аймақтық мәжіліс өткізу.
Облыс әкіміне ақпарат
С.П.Качало, облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті, "Нац ЭкС" ААҚ- ның филиалы (В.Н.Графкин, келісім бойынша)
Мамыр 2002 жыл
13
Облыс өнеркәсіп кәсіпорындарында импорт алмастыратын өнімдер өндіруге және жеткізуге арналған шарттар мен ой- ниет хаттамаларын жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
Облыс әкіміне ақпарат
С.П.Качало, облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті, Орал қаласының әкімі
Жыл ішінде
14
Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін жандандыру және ұлғайту, жаңа өндірістерді іске қосу, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі кестені орындауды қамтамасыз ету.
Облыс әкіміне ақпарат
С.П.Качало, облыстық өнеркәсіп және отын-энергетикалық кешен департаменті
Жыл ішінде
15
Мемлекеттік органдарды орталықсыздандыру мәселесі бойынша басқа бөлімдермен бірлесіп ұсыныстар әзірлеу. Әсіресе муниципалдық полиция құру, соның ішінде полицияның учаскелік қызметін жергілікті (аудандық) бюджеттен қаржыландыру, полицияның учаскелік инспекторларына ауылдық округтер әкімдерінің орынбасары мәртебесін беру.
Облыс әкіміне ұсыныс
Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
2002 жылдың бірінші жарты жылдығы
16
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік туралы" Заңына, соның ішінде "Мемлекеттік қызметті қызметті өткеру туралы" Ережеге өзгерістер жөніндегі ұсыныстар енгізу. Соның ішінде: мемлекеттік органдар басшыларының рөлі мен жауапкершілігін арттыру және оларға мемлекеттік қызметшілерді бір аппарат шеңберінде ауыстыруға құқық беру.
Мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік кепілдіктерді ұлғайту.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке жіберу үшін ұсыныстар
Облыс әкімі аппаратының басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басқармасы
2002 жыл