О Правилах оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с обследованием на компьютерном томографе детей-инвалидов до 16 лет, на 2001 год Күшін жойған
Басқа 0
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің 2001 жылға арналған Ережесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 26.12.2001 № 168 шешімімен.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем «облыстық бюджеттік бағдарламаның орындалуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы «Заңының 6-бабының 1- тармағының 9)-тармақшасына сәйкес, Қостанай облыстық маслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
Қоса берілген 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің 2001 жылға Ережесі бекітілсін.
Басқа 2. 2001 жылы 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен карауға байланысты шығынды отеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудін
ЕРЕЖЕСІ
Қостанай облыстық маслихатының
2001 жылғы 26 сәүірдегі
№ 114 шешімімен бекітілген қосымша
2001 жылы 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен карауға байланысты шығынды отеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудін
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша 2001 жылы 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жоніндегі әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы бөлім
1. Жалпы бөлім
Тармақ 1
1. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті (әрі қарай- әлеуметтік көмек) аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары көрсетеді.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арызын қарап, әлеуметтік көмек тағайындау, немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар ата- аналар, асырап алушылар, қамқоршылар, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар немесе азаматтығы жоқ, бірақ Қазақстан Республикасында тұрақтаған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдері алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек отбасының табысына байланыссыз төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек ата - аналық құқықтан айырылғандарға төленбейді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу
2. Әлеуметтік көмек алу
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға үміткер (ары қарай - арыз беруші) жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 6
6. Арыз беруші арызда және кұжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына зандылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 7
7. Арыз беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) 16 жасқа толмаған мүгедек баланы компьютерлік томографпен қарауға облыстық денсаулық басқармасының берген жолдамасын.
Жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің аты-жөні толық көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбасы бар мөрмен расталады.
Тармақша 2
2) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін.
Тармақша 3
3) Баланың мүгедектік тобын белгілеген медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы анықтамасының көшірмесін.
Тармақша 4
4) Ата-ананың , асырап алушының қамқоршылар , мүгедек баланың басқа занды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін.
Тармақша 5
5) Асырап алушылар, қамқоршылар осы дәрежені растайтын кұжаттың көшірмесін.
Асырап алушылар мүгедек баланы асырап алу туралы соттың шешімін.
Қамқоршылар қамқоршының куәлігін, немесе қамқоршы тағайындау органының мүгедек балаға қамқоршы тағайындауы туралы шешімін.
Тармақша 6
6) Қаралуға қолма-қол есеп жасалғанын куәландыратын кассалық чегін.
Тармақша 7
7) Баланы қараған мекеменің директоры мен бас бухгалтері қол қойған қаралуға байланысты шығынды өтеу үшін берілген шотын.
Директордың қолы мормен расталады.
Шотта компьютерлік томографпен қаралған мүгедек баланың аты-жөні толық көрсетіледі.
Кассалық чекте көрсетілген сома шотта көрсетілген сомаға сәйкес болуы керек.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Комиссия әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді арыз беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді , ол туралы арыз иесіне хабарланады.
Тармақ 9
9. Көрсетілген құжаттар болмаса әлеуметтік көмек көрсетілмейді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері.
Тармақ 10
10. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың компьютерлік томографпен қаралуына байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек есеп айырысу құжаттарының негізінде қаралу құнының 100% көлемінде көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары есептегі, әлеуметтік көмек тағайтындалған азаматтардың тізімін ресімдеп, ай сайын облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына береді, облыстық басқарма жалпы тізім жасап, ай сайын облыстық қаржы департаментіне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті операциялар түріне лицензиялары бар Қазақстан Республикасының Үлттық банкінің лицензиясы бар, заңмен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының тізімдеріне сәйкес жүргізіледі.