О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 2001 года № 1074 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде: 11-тармақта: жиырмасыншы абзацта «қатысады.» деген сөз «қатысады;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.»; 12-тармақта: жиырма үшінші абзацта «қамтамасыз ету.» деген сөз «қамтамасыз ету;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «мемлекеттік авиация қызметі саласындағы бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асыру.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.