О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 2001 года № 1074 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй.»; 19-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын: «15-1) Министрліктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.