О внесении изменений в решение акима Костанайской области от 16 февраля 2001 года № 41 «Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды на 2001 год» Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы
16 ақпандағы № 41 «Қоршаған ортаны
ластағаны үшін 2001 жылға арналған
төлемдер мөлшерлемелерін бекіту туралы»
шешіміне өзгертулер енгізу туралы
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес және қалдықтарды жинақтауға арналған полигондарды жайластыру жөнінен айтарлықтай жұмыста жүргізілгенін ескере отырып ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 41 шешімінің 2-қосымшасындағы «Қалдықтарды орналастыру объектісінің экологиялық талаптарда сәйкестігін ескерудің еселік коэффициенті» бөліміне өзгертулер енгізілсінжәне ол жаңа редакцияда қабылдансын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Қалалар, аудандар, поселкелер, селолық округтер әкімдері «Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарды жайластыру мен ұстаудың санитариялық ережелерінің талаптарына сәйкес полигондарды жайластыру және ұстау жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры 2001 жылғы 1 сәуірден бастап төлемдерге қайта есептеу жүргізсін.
Басқа 4. 1994 жылдың 9 тамызында бекітілген ҚР Экология министрлігінің әдістемесіне сәйкес оларға ағынсулармен (шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік, карьерлік) бірге ластаушы заттар тасталатын объектілердің санатын есепке алу коэффициенті
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2001 жылғы 8 маусымдағы
№ 79 шешіміне
қосымша
1994 жылдың 9 тамызында бекітілген ҚР Экология министрлігінің әдістемесіне сәйкес оларға ағынсулармен (шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік, карьерлік) бірге ластаушы заттар тасталатын объектілердің санатын есепке алу коэффициенті
Объект санаты К
Балық шаруашылық мақсаттарына пайдаланатын су айдындары 1.1
Орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған
шаруашылық-ауыз суымен жабдықтау, сондай-ақ тамақтандыру
кәсіпорындарын сумен жабдықтаушы жер бетіндегі су айдындары 1.0
Басқа объектілер (су жинағыштар, сүзгіш танаптары, жер бедері) 0.8
Қалдықтарды орналастыру объектілерінің
экологиялық талаптарға сәйкестігін есепке
алу жиілігінің коэффициенті
1994 жылғы 09 тамызда бекітілген ҚР Экология министрлігінің әдістемесіне сәйкес экологиялық, талаптарға жауап бермейтін қалдықтарды жинау және көму үшін рұқсат етілген аумақтар есепке алу жиілігінің коэффициенті 10-ға дейін қабылданады.
Осыған сәйкес қабылданады:
К
Қостанай – 1.0
Рудный – 1.0
Лисаков – 1.0
ҚТҚ басқа
полигондары,
облыстық
аудандық және
поселкелік
күресіндері – 1.0
Олардың улығына орай қалдықтардың
салыстырмалы қауптілігін есепке алу коэффициенті
Балдар саны Улылық сыныбы Қауіптілік деңгейі
32 1 Өте қауіпті
16 2 Жоғары қауіпті
4 3 Шамалы қауіпті
2 4 Аз қауіпті
1 5 Қауіпсіз