О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 16 ноября 2001 года № 57 "О мерах по дальнейшей реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 21 января 2000 г. № 108" (зарегистрировано в управлении юстиции от 12 декабря 2001 года № 635) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 16 қарашадағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қаңтардың 23-індегі № 148-ІІ Заңына , "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөніндегi комиссия туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Yкiметiнің 2003 жылғы ақпанның 13-індегі № 158 қаулысын а сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламаларды өткiзу жөніндегi комиссия жұмысын ұйымдастыру тәртібін анықтау мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді: Маңғыстау облысы әкімиятының "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 16 қарашадағы № 57 қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған қаулының атауы "2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" сөздердің соңынан "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру Ережесін бекіту туралы" сөздерімен толықтырылсын; 1 тармақ төмендегі редакцияда жазылсын: "1. Облыста кең таралған пайдалы қазбаларды Барлау, Өндіру және үйлестіріліп Барлау мен Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегi облыстық комиссия құрамы жаңартылсын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (1 қосымша). 1-1 тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын: "1-1. Маңғыстау облысында кең таралған пайдалы қазбаларды Барлау, Өндіру және үйлестіріліп Барлау мен Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегi облыстық комиссия туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Басқа 1
Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 91 қаулысына 1 қосымша Облыста кең таралған пайдалы қазбаларды Барлау, Өндіруге және бірлескен Барлау мен Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзуді ұйымдастыру жөніндегi облыстық конкурстық комиссияның құрамы Қасабеков Асқар           - облыс әкімінің орынбасары,     Серікбайұлы                 комиссияның төрағасы Көшеров Әділбек           - облыстық экономика, өнеркәсіп және                             сауда басқармасының бастығы,                                        комиссия төрағасының орынбасары Тоқшаев Батыр Рахметұлы   - облыстық экономика, өнеркәсіп және                             сауда басқармасының бөлім бастығы                             комиссия хатшысы                              (дауыс беру құқығынсыз) Комиссия мүшелері: Ерғалиев Сәбит            - шағын кәсіпкерлікті қолдау  Жәумітбайұлы                жөніндегі облыстық басқарманың                             бастығы Захаревский Вадим         - облыстық жер ресурстарын басқару Никифорович                 жөніндегі комитет төрағасы                              (келісім бойынша) Қаджықов Таңатар          - Маңғыстау облыстық әділет басқармасы Төребекұлы                  бастығының орынбасары                             (келісім бойынша) Қоқанов Сүлеймен          - облыстық Мемлекеттік жер қойнауын Мағзамұлы                   қорғау және пайдалану инспекциясының                             бастығы (келісім бойынша) Ноғаев Ықылас             - облыстық қоршаған ортаны қорғау                             басқармасының бастығы                             (келісім бойынша) Өтеғалиев Мейірболат      - Маңғыстау облысы бойынша Салық Комитеті                             төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Шамшадин Аманғали         - облыстық экономика, өнеркәсіп және                             сауда басқармасы бастығының                             орынбасары
Басқа 2
2 қосымша Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 91 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысында кең таралған пайдалы қазбаларды Барлау мен Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөніндегi комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Маңғыстау облысында кең таралған пайдалы қазбаларды Барлау мен Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - комиссия) жұмысын ұйымдастыру және оның қызметiн реттеу тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Комиссия инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткiзу әрi Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы заңнамасына сәйкес конкурс жеңiмпазына жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн оны анықтау мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Комиссияның дербес және сандық құрамы Маңғыстау облысы әкімияты мен мәслихатының шешiмдерiмен бекiтiледi.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 5
5. Комиссияның негiзгi мiндетi Маңғыстау облысында кең таралған пайдалы қазбаларды Барлау мен Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарына қатысушылардың iшiнен жеңiмпазды анықтау болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның қызмет саласындағы функциялары:
Тармақша 1
1) конкурстық ұсыныстарды уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тиiстi тұлғалар ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау.
Тарау 3. 3. Комиссияның жұмыс iстеу тәртiбi
3. Комиссияның жұмыс iстеу тәртiбi
Тармақ 7
7. Комиссияны төраға басқарады.
Тармақ 8
8. Комиссия мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына бiр реттен жиi болмай өткiзiледi және егер оған комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп саналады.
Тармақ 9
9. Маңғыстау облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы құзыреттi орган ретiнде конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр апта мерзiмде бұл туралы комиссия төрағасын жазбаша түрде жер қойнауын пайдалану объектілерi мен өтiнiш бiлдiрушілердiң тiзiмiн көрсете отырып хабардар етедi.
Тармақ 10
10. Комиссия мәжiлiсiнде хатшы төрағаға және мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерiне конкурстық ұсыныстар салынған пакеттi бiр данадан таратады.
Тармақ 11
11. Мәжiлiсте болмаған комиссия мүшесiне комиссия хатшысы мәжiлiстен кейiн үш күн мерзiмде конкурстық ұсыныстар салынған конвертті оған береді. Ал ол жұмыс орнында болмаған жағдайда (iссапар, еңбек демалысы және басқа да), комиссия мәжiлiсiнде оның жұмыс орнында ауыстыратын тұлға сенім қағаз бойынша қатынасуына болады.
Тармақ 12
12. Комиссияның барлық мүшелерi алынған конкурстық ұсыныстарды зерделеп шыққаннан кейiн, комиссияның әрбiр мүшесi қаралған жер қойнауын пайдалану объектiлерi жөнiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парақтарын толтырады. Жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) атауы бар дауыс беру парағын құзыреттi орган жасайды және конкурстық ұсыныстар салынған пакеттер ашылғаннан кейiн комиссияның барлық мүшелерiне таратылады. Комиссия мүшелерi толтырған және қол қойған дауыс беру парақтары комиссияның кезекті отырысында қарау үшiн 10 күн мерзімде комиссияның хатшысына берiледi және журналда тiркеледi. Қаралып отырған объектілердің қайсысы болмасын біреуі бойынша жедел шешім қабылдау қажет болған жағдайда, комиссия конкурстық ұсыныстар салынған конверттер ашылғаннан кейін дауыс беру парағын толтыру және тиісті хаттамаларды ресімдеу жолымен шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 13
13. Конкурс жеңiмпазы туралы түпкiлiктi шешiмдi мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерi дауыс беру парақтарының негiзiнде қабылдайды. Қаралған жер қойнауын пайдалану объектiлерi бойынша конкурс жеңiмпаздарын анықтау жөнiндегi комиссия мәжілici аяқталғаннан кейiн комиссияның хатшысы осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссия отырысының хаттамасын ресiмдейдi. Хаттамаға комиссияның мәжiлiске қатысқан барлық мүшелерi мен комиссияның төрағасы қол қояды.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжiлiсiне қатысушы комиссия мүшесi тиiсiнше тiркелген басқа дауыс беру парағын ұсына отырып, талқылау қорытындылары бойынша комиссияның осы мәжілісiнде өз пiкiрiн өзгертуiне құқылы.
Тармақ 15
15. Комиссияның шешiмi оның мүшелерінің көпшiлiк дауысымен қабылданады және құзыретті орган мен конкурсқа қатысушылар үшiн мiндеттi сипатта болады.
Тармақ 16
16. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып саналады.
Тармақ 17
17. Егер конкурсқа қатысушы дауыс берген комиссия мүшелерi санының жартысынан артық дауыс алмаған жағдайда, неғұрлым көп дауыс алған eкі өтiнiш берушi бойынша қайтадан дауыс беру өткiзiледi.
Тармақ 18
18. Егер екiден артық өтiнiшi беруші көп дауыс алған жағдайда, конкурстың түпкiлiктi жеңiмпазын анықтау мақсатында конкурс жеңімпаздарының "қысқа тiзiмi" (аралық тiзiмi) жасалады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 19
19. Комиссияның белгiленген тәртiппен және оның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысу үшiн қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға және жеңiмпазды анықтауға;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысушылар берген конкурстық ұсыныстар шамамен тең болған жағдайда олардың конкурстық ұсыныстарын жақсарту жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 3
3) конкурс жеңiмпазын анықтауға;
Тармақша 4
4) бiр ғана өтiнiш берушi қатысқан жағдайда конкурсты өткізілмедi деп тануға және жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурсынан объектiнi алып тастауға немесе қайтадан конкурс тағайындауға;
Тармақша 5
5) конкурстық ұсыныстарды қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн конкурсқа қатысушылардан олардың конкурстық ұсыныстарына байланысты түсiнiктемелердi сұратуға;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, өзге тұлғалардан қажеттi ақпаратты сұратуға;
Тармақша 7
7) мәжiлiстерде комиссия мүшелерiн, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың жауапты өкілдерiн, өзге де тұлғаларды тыңдауға;
Тармақша 8
8) комиссияның құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 9
9) конкурстық ұсыныс Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртiбiнiң ережелерi сақталмай берілген жағдайда оны қарамауға;
Тармақша 10
10) қажет болған кезде тиiстi салалардағы мамандардың iшiнен сарапшыларды тартуға;
Тармақша 11
11) заңнамада көзделген тәртiппен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтiнiш берушiнi конкурста жеңімпаз деп тану туралы бұрын қабылданған шешiмнiң күшiн жоюға;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
Тармақ 20
20. Комиссия Маңғыстау облысы әкімиятының шешiмi негiзiнде өз қызметін тоқтатады.
Басқа 42
1-қосымша Мәжілісте болмаған комиссия мүшелеріне берілетін конкурстық ұсыныстар мен дауыс беру парақтарын тіркеу және комиссия мүшелерінің толтырылған дауыс беру парақтарын тапсыруын тіркеу журналы ---------------------------------------------------------------- Р/с!Жер қойнауын!Конкурстық!Комиссия !Комиссия  !Комиссия !Комиссия № !пайдалану   !ұсыныс    !мүшесінің!мүшесінің !мүшесінің!хатшысы. !объектісінің!берген    !аты-жөні !конкурстық!дауыс    !ның тол. !атауы       !өтініш    !         !ұсынысты  !беру     !тырылған !            !беруші    !         !алғандағы !парағын  !дауыс !            !          !         !қолы      !алғандағы!беру па. !            !          !         !          !қолы     !рағын !            !          !         !          !         !алғандағы !            !          !         !          !         !қолы ---------------------------------------------------------------- ---------------------------------------------------------------- -----------------------------------------------------------------
Басқа 43
2-қосымша Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу ХАТТАМАСЫ Ақтау қ.                        200__ жылғы "___"_________ Конкурстық комиссия мынадай құрамда _______________________________________ (комиссия мүшесінің аты-жөні, лауазымы) _______________________________________ (комиссия мүшесінің аты-жөні, лауазымы) _______________________________________ (комиссия мүшесінің аты-жөні, лауазымы) _______________________________________ (комиссия мүшесінің аты-жөні, лауазымы) конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу рәсімін жүргізді. І. Конкурстық ұсыныстарды мынадай өтініш берушілер ұсынды: 1. Мына объект бойынша _____________________________________ (жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы) 1) _________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны) 2) _________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны) 3) _________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны) 2. Мына объект бойынша _____________________________________ (жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы) 1) _________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны) 2) _________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны) 3) _________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны) 3. Мына объект бойынша _____________________________________ (жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы) 1) _________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны) 2) _________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны) 3) _________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны) ІІ. Конкурстық ұсыныстар мен дауыс беру парақтарын қатысып отырған комиссия мүшелері алды. ІІІ. Комиссияның ___________________________________________ ______________________________________________________ қатыспаған (комиссияның қатыспаған мүшелерінің аты-жөні, лауазымы) мүшелері үшін 1-тармақта көрсетілген конкурстық ұсыныстар салынған пакеттер комиссия хатшысына берілді. Төраға                        ______________ комиссия мүшелері             ______________ ______________
Басқа 44
3-қосымша Дауыс беру парағы ------------------------------------------------------------------ Р/с! Жер қойнауы учаскесінің (блогының)! Конкурсқа қатысушы № ! атауы, жер қойнауын пайдалану     ! жеңімпаздың атауы ! құқығының түрі, пайдалы қазба түрі! ------------------------------------------------------------------ 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. ------------------------------------------------------------------ _________________ ________________________________________ (қолы, күні) (конкурстық комиссия мүшесінің аты-жөні) Комиссия мүшесі конкурсқа қатысушы жеңімпаздың атауы бағанына өзі дауыс беретін өтініш берушінің атауын өз қолымен жазады.
Басқа 45
4-қосымша Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөніндегі комиссия мәжілісінің ХАТТАМАСЫ Ақтау қ. 200_ жылғы "___"______ Қатысқандар: _____________________________________________ (комиссия мүшелерiнің аты-жөнi және лауазымы) _____________________________________________ _____________________________________________ Күн тәртiбi: 1. Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңiмпаздарын анықтау. 2. __________________________________________ 3. __________________________________________ Бiрінші мәселе бойынша мыналар сөз сөйледi _____________ Конкурсқа қойылған жер қойнауын пайдалану объектiлерi жөнiндегi берiлген конкурстық ұсыныстар бойынша қараудың, талқылаудың және комиссия мүшелерiнiң дауыс беру қорытындыларының (қоса берiледi) негiзiнде комиссия ШЕШIМ қабылдады: 1. Мына объектiлер бойынша Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңiмпазы белгiленсiн: 1) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (объектінің атауы) __________________________________________________________________ (жеңiмпаздың атауы) Жеңiмпаздың конкурстық ұсынысы қоса берiледi. 2) __________________________________________________________________ (объектінің атауы) __________________________________________________________________ (жеңiмпаздың атауы) Жеңiмпаздың конкурстық ұсынысы қоса берiледi. 3) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (объектiнiң атауы) __________________________________________________________________ (жеңiмпаздың атауы) 2. Облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы облыстық баспасөз органында конкурстың қорытындыларын жарияласын. 3. Облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы ______ тармақтың _________________ тармақшасында анықталған конкурстың жеңiмпаздарымен белгіленген тәртiппен __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ________________________________________________ арналған (пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге) келiсiм-шарт жасассын. 4. Мына объектiлер бойынша конкурс жеңiмпаздарының аралық тізiмi анықталсын: 1) ________________________________________________________ __________________________________________________________________ (объектiнiң атауы) __________________________________________________________________ (аралық жеңiмпаздардың атауы (қысқа тiзiм) 2) 5. _______ тармақтың _________ тармақшасында белгiленген конкурстың аралық жеңiмпаздарынан конкурстық ұсынысқа қатысты қосымша ақпарат сұратылсын. 6. _______ тармақтың _________ тармақшасында баяндалған объектiлер бойынша конкурстың түпкiлiктi жеңiмпаздары комиссияның 200_ жылғы "___"_______ мәжiлiсiнде анықталсын. 7. Мына объектiлер бойынша конкурс өткiзiлмедi деп танылсын: 1) __________________________________________________________________ (объектiнiң атауы) __________________________________________________________________ (негiз) 2) 8. Мына объектiлер конкурстан алынсын: 1) ________________________________________________________ __________________________________________________________________ (объектiнiң атауы) __________________________________________________________________ (негіз) 2) 9. Мына объектiлер бойынша қайталама конкурс тағайындалсын: 1) ________________________________________________________ __________________________________________________________________ (объектiнiң атауы) __________________________________________________________________ (негіз) 2) 10. Құзыретті органға бiр ғана өтінiш берушi болуына орай __________________________________________________________________ (өтiнiш берушiнiң атауы) келiссөздер негiзiнде және өтiнiш берушi конкурстық ұсыныста жасаған ұсынысына қарағанда Қазақстан Республикасы үшiн пайдалылығы кем емес шарттарда ______________________________________________ (объектінiң атауы) арналған келiсiм-шарт жасасу ұсынылсын. 11. Комиссия _______________________________________________ (өтiнiш берушiнiң атауы) _______________________________________ объект бойынша қосымша (объектінің атауы) ___________________________ сұратуды шешті. (ақпарат) Комиссия төрағасы _____________ Комиссия мүшелерi _____________