О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 февраля 2002 года N 52 "Об утверждении Правил расчета критериев финансовой устойчивости для организаций, осуществляющих деятельность по ведению реестра держателей ценных бумаг, и представления отчетности по их соблюдению", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1851 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1851 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 52 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті реттеуді жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1) тармағының 8) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 52 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1851 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 6-19 мамырдағы N 10 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ереже мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 2-1
"2-1. Тіркеушінің тарату сатысында тұрған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған ұйымдарға қойылатын талаптарды білдіретін активтері өтімді деп танылмайды.".
Тармақ 2
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногында ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.