О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 февраля 2002 года N 54 "Об утверждении Правил расчета критериев финансовой устойчивости для организаций, осуществляющих брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, и представления отчетности по их соблюдению", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1852 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1852 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 54 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік қызметті реттеуді жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1) тармағының 8) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 54 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1852 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 6-19 мамырдағы N 10 жарияланған; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 181 қаулысымен бекітілген өзгерістермен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы тұрақтылығының өлшемдерін есептеудің және қолданудың және оларды сақтау жөнінде есеп берудің тәртібі туралы ереже мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 2-1
"2-1. Брокер-дилердің тарату сатысында тұрған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған ұйымдарға қойылатын талаптарды білдіретін активтері өтімді деп танылмайды.".
Тармақ 2
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының мүшелері болып табылмайтын брокер-дилерлерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.