О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года N 784 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 784 қаулыcына толықтыру енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 272 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетілдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 784 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде:
мынадай:
"Министрлердiң Үкiмет министрлермен Президентпен -
орынбасарлары немесе оның
(вице-министрлер) тапсыруымен
Әкiмшiлiк
Басшысымен "
деген жолдың алдынан:
"Премьер-Министр Үкiмет Премьер- Президентпен -
Кеңсесiнiң Басшысы Министрмен немесе оның
тапсыруымен
Әкiмшiлiк
Басшысымен "
деген жолмен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзіледі.