О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района "Об утверждении Порядка социальных выплат на рождение, погребение и материальную помощь малообеспеченным гражданам в Зеленовском районе" от 16 августа 2002 г. № 525, регистрационный № 1740 от 29 августа 2002 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің "Зеленов ауданы бойынша туғанға, жерлеуге және жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік төлем төлеу тәртібін бекіту туралы" 2002 жылы 29 тамызда № 1740 тіркелген 2002 жылғы 16 тамыздағы № 525 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 28.11.2006 № 485 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2002 жылы 29 тамызда № 1740 тіркелген 2002 жылғы 16 тамыздағы № 525 Заңын басшылыққа алып аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің "Зеленов ауданы бойынша туғанға, жерлеуге және жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік төлем төлеу тәртібін бекіту туралы" облыстық әділет басқармасына 2002 жылы 29 тамызда № 1740 тіркелген, "Сельские вести" газеті беттеріне 2002 жылы 25 қазанда № 44 жарияланған 2002 жылғы 16 тамыздағы № 525 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының атауындағы және 1 пунктіндегі "туғанға" деген сөз алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) қаулының "сәби көрінуіне, азаматтарды жерлеуге және көмек көрсетуге байланысты әлеуметтік төлем төлеу тәртібі туралы" № 1 қосымшаға: қосымшаның атауынан "сәби көрінуіне" деген сөз алынып тасталсын; "Жалпы жағдай" тарауынан: 1 пунктінен "сәби көрінуіне" деген сөз алынып тасталсын; 1 пункттің 3 абзацындағы "жағдайы төмен азаматтарға" деген сөзден кейін "жалғыз басты мүгедектер мен зейнеткерлерге, 2 және одан көп мүгедектері бар отбасыларына" деген сөзбен толықтырылсын; "сәби көрінуге байланысты қаржылай көмек" тарауы алынып тасталсын; 8 пункт алынып тасталсын; 9 пункттегі "20 еселік есеп айырысу көрсеткішімен тең" деген сөз "5-тен - 50 еселік есеп көрсеткішімен тең" деген сөздермен өзгертілсін; "көмек сұрау тәртібі" тарауының 12 пунктінен "Сәби көрінуге байланысты қаржылай көмек үшін" абзацы алынып тасталсын; 15 пунктінен "акционерлі халық банкі филиалынан" деген сөз алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Материалдық көмек тағайындау үшін аудандық комиссия келесі құрамда құрылсын: Вера Кузьминична Шохина - аудан әкімінің орынбасары, төрайым Елена Петровна Чирова - еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы, төрайымның орынбасары Комиссия мүшелері: Галина Васильевна Жучкова - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы Лидия Дмитриевна Ипполитова - аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Наиль Галиевич Кужаев - аудандық білім бөлімнің жетекші маманы
Тармақ 3
3. Аудан әкімінің "Арнаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі аудандық комиссияны құру туралы" 2002 жылы 31 наурызда № 255 тіркелген 1999 жылғы 17 қарашадағы № 232 шешімінің күші жойылды деп танылсын.