О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1693 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 784 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде: мынадай: "Әдiлет министрлiгiнiң Әдiлет Әдiлет Премьер- - орталық аппараты министрi министрi Министрмен, департаменттерiнiң Әкiмшiлiк директорлары, облыстар, Басшысымен " Астана және Алматы қалалары әдiлет департаменттерiнiң бастықтары, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң орталық аппараты, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармаларының бастықтары, "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң директоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Әділет министрлігінің Әділет Әділет Премьер- - облыстар, Астана және министрi министрi Министрмен, Алматы қалалары әдiлет Әкiмшiлiк департаменттерiнiң Басшысымен "; бастықтары, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң орталық аппараты, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармаларының бастықтары, "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң директоры"
Тармақша 2
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ережеде: 5-тармақтың үшiншi абзацындағы "орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары," деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.