О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 852 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 1) және 2) тармақшаларындағы "орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы" деген сөздер "мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі"; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына жаңа редакцияда жазылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже"; 1-тармақтың бірінші абзацындағы "орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де басшы" деген сөздер "мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың бірінші абзацындағы "Кадр саясаты бөліміне" деген сөздер "Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын; "Ішкі істер, әділет, төтенше жағдайлар министрліктерінің және Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің органдары бойынша" деген тараудың тақырыбы және 5-тармақ алып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Үкіметтің лауазымды адамдарды тағайындау және босату жөніндегі тиісті қаулыларының немесе оларды келісу жөніндегі қарарлардың жобаларын дайындауды, әдетте, Премьер-Министр Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі жүзеге асырады. Мемлекеттік және өзге де лауазымға тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс: кадрлар есебі жөніндегі жеке парақ; өмірбаян; білімі, берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшірмелері; өмірбаяндық ақиқат анықтама; мөлшері 4x6 см 4 фотосурет; кандидаттың лауазымға орналасуы үшін арнайы тексеруден өткені туралы анықтама; мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімді басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған кезде). Мемлекеттік саяси қызметші орнынан түскен немесе ол өз еркімен қызметтен босаған жағдайда материалдарға мемлекеттік қызметшінің тиісті өтініші қоса беріледі."; 4) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1348 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі Ла­у­а­зы­мы Кім та­ғай­ын­дай­ды Кім ұсы­на­ды Кім­мен ке­лі­сі­ле­ді (ұсы­ным бер­ген) 1 2 3 4 Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы Үкі­мет Пре­мьер-Ми­нистр Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың жа­у­ап­ты хат­шы­ла­ры Пре­зи­дент Әкім­ші­лік бас­шы­сы Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен Қор­ға­ныс, Сырт­қы іс­тер, Іш­кі іс­тер, Әді­лет ми­ни­стр­ле­рі­нің орын­ба­сар­ла­ры­нан бас­қа, ми­ни­стр­лер­дің орын­ба­сар­ла­ры (ви­це-ми­ни­стр­лер) Үкі­мет ми­ни­стр­лер Пре­зи­дент­пен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар бо­лып та­бы­ла­тын агент­тіктер­дің тө­ра­ға­ла­ры Үкі­мет Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы Пре­зи­дент­пен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар бо­лып та­бы­ла­тын агент­тіктер тө­ра­ға­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры Үкі­мет агент­тіктер­дің тө­ра­ға­ла­ры Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі Бас­шы­сы­ның орын­ба­сар­ла­ры Пре­мьер-Ми­нистр Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің бас­шы­ла­ры Пре­мьер-Ми­нистр Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі бас­шы­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры, бас ин­спек­тор­лар, Пре­мьер-Ми­ни­стр­дің ке­ңес­ші­ле­рі мен кө­мек­ші­ле­рі Пре­мьер-Ми­нистр Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы Пре­мьер-Ми­ни­стр­дің штат­тан тыс ке­ңес­ші­ле­рі Пре­мьер-Ми­нистр Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы Іш­кі іс­тер, Қор­ға­ныс, Сырт­қы іс­тер және Әді­лет ми­ни­стр­лік­те­рін қо­с­па­ған­да, ми­ни­стр­лік­тер ко­ми­тет­те­рі­нің тө­ра­ға­ла­ры ми­ни­стр­лер Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің Өрт­ке қар­сы қыз­мет, Тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды және өнер­к­ә­сіп қа­уіп­сіз­ді­гін мем­ле­кет­тік ба­қы­лау ко­ми­тет­те­рі тө­ра­ға­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры Ми­нистр Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік мү­лік және же­ке­ше­лен­ді­ру, Са­лық, Ке­ден­дік ба­қы­лау ко­ми­тет­те­рі тө­ра­ға­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры Ми­нистр Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен, жа­у­ап­ты хат­шы­мен Іш­кі іс­тер, Қор­ға­ныс, Сырт­қы іс­тер және Әді­лет ми­ни­стр­лік­те­рін қо­с­па­ған­да, ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар ко­ми­тет­те­рі тө­ра­ға­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры Ми­нистр Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы­мен ЕурАз­Эқ бас хат­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Үкі­мет ЕурАз­Эқ мем­ле­ке­та­ра­лық ке­ңе­сі Яд­ро­лық зерт­те­улер бі­рік­кен ин­сти­ту­ты­на мү­ше-мем­ле­кет­тер­дің өкі­лет­ті өкіл­дер ко­ми­те­т­ін­де­гі (Дуб­на қа­ла­сы) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің өкі­лет­ті өкі­лі Үкі­мет Энер­ге­ти­ка және ми­не­рал­дық ре­сур­стар ми­ни­стрі Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның, об­лы­стар­дың іш­кі са­я­сат бас­қар­ма­ла­ры­ның ба­стық­та­ры Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның, об­лы­стар­дың әкім­де­рі Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті қыз­мет­ке та­ғай­ын­дай­тын және қыз­мет­тен боса­та­тын мем­ле­кет­тік жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның бі­рін­ші бас­шы­ла­ры* Пре­зи­дент ми­ни­стр­лер Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен "Cа­мұ­рық-Қа­зы­на" ұлт­тық әл-ауқат қо­ры" АҚ-ның бас­қар­ма тө­ра­ға­сы* Пре­зи­дент Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен "Па­раcат" ұлт­тық ғы­лы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық хол­дин­гі" АҚ-ның, "Ар­на Ме­диа" ұлт­тық ақ­па­рат­тық хол­дин­гі" АҚ-ның, "Зер­де" ұлт­тық ин­фо­ком­му­ни­ка­ци­я­лық хол­дин­гі" АҚ-ның, "Қа­зА­гро" ұлт­тық бас­қа­ру хол­дин­гі" АҚ-ның, "Ұлт­тық ме­ди­ци­на хол­дин­гі" АҚ-ның бас­қар­ма тө­ра­ға­ла­ры* ти­іс­ті хол­динг­тер­дің ди­рек­тор­лар ке­ңе­сте­рі Пре­мьер-Ми­нистр Пре­зи­дент­пен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен "Са­мұ­рық-Қа­зы­на" ұлт­тық әл-ауқат қо­ры" АҚ-на кі­ре­тін ұлт­тық да­му ин­сти­тут­та­ры­ның және ұлт­тық ком­па­ни­я­ла­ры­ның бас­қар­ма тө­ра­ға­ла­ры* "Са­мұ­рық-Қа­зы­на" ұлт­тық әл-ауқат қо­ры" АҚ бас­қар­ма­сы Пре­мьер-Ми­нистр Пре­зи­дент­пен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен "Ар­на Ме­диа" ұлт­тық ақ­па­рат­тық хол­дин­гі" АҚ-на, "Зер­де" ұлт­тық ин­фо­ком­му­ни­ка­ци­я­лық хол­дин­гі" АҚ-на, "Қа­зА­гро" ұлт­тық бас­қа­ру хол­дин­гі" АҚ-на кі­ре­тін ұлт­тық ком­па­ни­я­ла­ры­ның бас­қар­ма тө­ра­ға­ла­ры* ди­рек­тор­лар ке­ңе­сте­рі Пре­мьер-Ми­нистр Пре­зи­дент­пен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен Хол­динг­тер­дің құ­ра­мы­на кір­мей­тін ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың бас­қар­ма тө­ра­ға­ла­ры* ди­рек­тор­лар ке­ңе­сте­рі Пре­мьер-Ми­нистр Пре­зи­дент­пен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Әкім­ші­лік Бас­шы­сы­мен "Ұлт­тық ин­но­ва­ци­я­лық қо­ры" АҚ-ның, "Ин­жи­ни­ринг және тех­но­ло­ги­я­лар транс­фер­ті ор­та­лы­ғы" АҚ-ның, "Са­ры­ар­қа" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы АҚ-ның, "Кас­пий" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы ұлт­тық ком­па­ни­я­сы", "То­был" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы", "Ба­тыс" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы", "Оң­тү­стік" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы", "Ер­тіс" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы", "Же­ті­су" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" бас­қар­ма тө­ра­ға­ла­ры ди­рек­тор­лар ке­ңе­сте­рі Ин­ду­стрия және са­уда ми­ни­стрі Пре­мьер-Ми­ни­стр­мен неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы­мен * - Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) бойынша немесе оның келісімі бойынша қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының осы қаулымен бекітілген тізіміне сәйкес осы кадрлар "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы (бойынша оның Әкімшілігі Басшысының міндетті түрде келісімінен өтеді.
Басқа 1. Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1348 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысымен бекітілген Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі 1. "Са­мұ­рық-Қа­зы­на" ұлт­тық әл-ауқат қо­ры" АҚ 2. "Қаз­Мұ­най­Газ" ҰК" АҚ 3. "Қа­за­то­мө­нер­к­ә­сіп" ұлт­тық атом ком­па­ни­я­сы АҚ 4. "Қа­з­ақ­те­ле­ком" АҚ 5. "Қа­зақ­стан те­мір жо­лы" ҰК" АҚ 6. "Стрес­сті ак­тив­тер қо­ры" АҚ 7. "Қа­зақ­стан да­му бан­кі" АҚ 8. "Қа­зақ­стан Ин­жи­ни­ринг" ҰК" АҚ 9. "Қаз­поч­та" АҚ 10. "Қа­зақ­стан­ның тұр­ғын үй құ­ры­лыс жи­нақ бан­кі" АҚ 11. "Қа­зақ­стан­ның ин­ве­сти­ци­я­лық қо­ры" АҚ 12. "Тау-Кен Са­мұ­рық" ұлт­тық тау-кен ру­да­сы ком­па­ни­я­сы" АҚ 13. "КЕGОС" АҚ 14. "Да­му" кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры" АҚ 15. "Па­ра­сат" ұлт­тық ғы­лы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық хол­дин­гі" АҚ 16. "Ар­на Ме­диа" ұлт­тық ақ­па­рат­тық хол­дин­гі" АҚ 17. "Қа­зақ ақ­па­рат агент­ті­гі" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" АҚ 18. "Зер­де" ұлт­тық ин­фо­ком­му­ни­ка­ци­я­лық хол­дин­гі" АҚ 19. "Kazsatnet" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" АҚ 20. "Ұлт­тық ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар" АҚ 21. "Қа­зА­гро" ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­дин­гі" АҚ 22. "Азық-тү­лік ке­лі­сім-шарт кор­по­ра­ци­я­сы" АҚ 23. "Ұлт­тық ме­ди­ци­на­лық хол­дин­гі" АҚ 24. "Қа­зақ­стан Ға­рыш Са­па­ры" ҰК" АҚ 25. Аль-Фа­ра­би атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық уни­вер­си­те­ті 26. Л.Н.Гу­ми­лев атын­да­ғы Еура­зия ұлт­тық уни­вер­си­те­ті 27. Қ.И.Сат­па­ев атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық тех­ни­ка­лық уни­вер­си­те­ті 28. Абай атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық пе­да­го­ги­ка­лық уни­вер­си­те­ті 29. Қа­зақ ұлт­тық аг­рар­лық уни­вер­си­те­ті 30. Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық кон­сер­ва­то­ри­я­сы 31. Қа­зақ ұлт­тық му­зы­ка ака­де­ми­я­сы 32. Т.Қ. Жүр­ге­нов атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сы 33. С.Д. Асфен­ди­я­ров атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АҚ - акционерлік қоғам ҰК - ұлттық компания