О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 "О некоторых вопросах совершенствования механизма решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним" Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақша 3
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 153 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
Лауазымы
Кім тағайындайды
Кім ұсынады
Кіммен келісіледі (ұсыным берген)
1
2
3
4
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
Үкімет
Премьер-Министр
Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары
Президент
Әкімшілік басшысы
Премьер-Министрмен
Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарларынан басқа, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер)
Үкімет
министрлер
Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен
Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары
Премьер-Министр
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары
Премьер-Министр
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының
Премьер-Министр
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
1
2
3
4
орынбасарлары, бас инспекторлар, Премьер-Министрдің кеңесшілері мен көмекшілері
Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңесшілері
Премьер-Министр
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы
Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары
министрлер
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен
Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдар комитеттері төрағаларының орынбасарлары
жауапты хатшылар**
комитеттер төрағалары
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен
Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары
Министр
комитет төрағасы
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен
Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы
Үкімет
БҰҰДБ тұрақты өкілі
1
2
3
4
Ядролық зерттеулер біріккен институтына мүше-мемлекеттердің өкілетті өкілдер комитетіндегі (Дубна қаласы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі
Үкімет
Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары*
Президент
министрлер
Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы*
Үкімет
Президентпен
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Үкімет
Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі», «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары*
тиісті холдингтердің директорлар кеңестері
Премьер-Министр
Әкімшілік Басшысымен
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына кіретін жекелеген ұлттық даму институттарының және ұлттық компанияларының басқарма төрағалары*
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқармасы
Премьер-Министр
Әкімшілік Басшысымен
1
2
3
4
«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі», «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамдарына кіретін жекелеген ұлттық
компаниялардың басқарма төрағалары
директорлар кеңестері
Холдингтердің басқарма төрағаларымен
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен
Холдингтердің құрамына кірмейтін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары
директорлар кеңестері
Премьер-Министр
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы», «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Павлодар» әлеуметтік- кәсіпкерлік
директорлар кеңестері
Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен
1
2
3
4
корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі
Үкімет
Ұлттық экономика министрі
Президентпен
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары
Үкімет
Ұлттық экономика министрі
Президентпен
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры
Президент
Мәдениет және спорт министрі
Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы
Президент
Мәдениет және спорт министрі
Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен
Ескертпе:
* Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) бойынша немесе оның келісімі бойынша қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының осы қаулымен бекітілген тізімге сәйкес осы кадрлар «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкімшілігі Басшысының міндетті түрде келісімінен өтеді.
* «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына сәйкес жауапты хатшы еңбек қатынастары мәселесі заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, ведомстволар басшылары тағайындау үшін ұсынған ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындайды.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 153 қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен
өзге де лауазымды адамдарды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсыныстарды тиiстi мемлекеттік органның басшысы,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесiнiң мемлекеттік қызметшiлерiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептерi мен дәлелдерiн көрсете отырып, жазбаша нысанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң (бұдан әрі – Премьер-Министр) қарауына енгiзедi.
Мемлекеттік және өзге де лауазымға тағайындау және/немесе тағайындауды келісу үшін ұсынысқа:
Тармақша 1
1) қағаз және электронды тасымалдағышта мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суретімен қызметтік тізім;
Тармақша 2
2) кандидаттың өтініші;
Тармақша 3
3) жеке куәлік көшірмесі;
Тармақша 4
4) кадрлар есебі жөніндегі жеке парақ;
Тармақша 5
5) өмірбаян;
Тармақша 6
6) білімі, берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшірмелері;
Тармақша 7
7) мөлшері 3x4 см 4 фотосурет;
Тармақша 8
8) кандидаттың лауазымға орналасуы үшін арнайы тексеруден өткені туралы анықтама;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімді басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған кезде);
Тармақша 10
10) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадр резервіне қою туралы бұйрығынан үзінді («А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің лауазымдарына тағайындаған кезде) қоса берілуі тиіс.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу ресіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу ережесінде айқындалады.
Мемлекеттік және өзге де лауазымнан босату және/немесе босатуды келісу үшін:
Тармақша 1
1) босатудың нақты себептерi мен дәлелдерi көрсетілген ұсыныс;
Тармақша 2
2) қағаз және электронды тасымалдағышта мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суретімен қызметтік тізім;
Тармақша 3
3) өтініш (лауазымнан өз еркімен босатылған жағдайда) ұсынылуы тиіс.
Почта арқылы келiп түсетiн пакеттерде «Кадрлар» деген мөртаңба қойылып, пакет мiндеттi түрде нөмiрленедi. Премьер-Министр Кеңсесiнiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi пакеттi Премьер-Министр Кеңсесi Басшылығының Хатшылығына (бұдан әрi – Басшылық Хатшылығы) ашпай бередi.
Басшылық Хатшылығына келiп түскен құжаттар тiркелген және зерделенген соң алдын-ала келiсу үшiн Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысына (бұдан әрi – Кеңсе Басшысы) берiледi, ол өз кезегiнде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды. Осы ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда құжаттар тиiстi мемлекеттік органның басшысына қайтарылуы мүмкiн. Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерiнiң мамандары немесе көмекшiлерi арқылы беруге рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 2
2. Тағайындауға не атқарып отырған қызметiнен босатуға ұсынылатын кадрларды Премьер-Министрдiң немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң бөлiмдерi алдын ала зерделеуi мүмкiн. Ұсынылған материалдарды талдау барысында қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттерін оны Премьер-Министр Кеңсесіне әңгімелесуге шақыру арқылы зерделенеді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Премьер-Министрдiң келісімiн алғаннан кейін Басшылық Хатшылығы кадрларды тағайындауға немесе босатуға Кеңсе Басшысына берiлетін қаулы дайындайды. Кеңсе Басшысы оларды Премьер-Министрге қол қоюға енгiзедi.
Тармақ 4
4. Үкiметтiң келісімi бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келiсу нәтижесi ұсынысқа қарар түрiнде ресiмделедi және тиiстi орталық атқарушы органға берiледi.
Тармақ 5
5. «Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) Басшысымен келісім бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиiс мемлекеттік қызметшiлер жөніндегі тиiстi орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Басшылық Хатшылығына енгiзiлген ұсыныстар Кеңсе Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келісілгеннен кейін тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне берiледi. Ол Президент Әкiмшiлiгiнде келiсудi ұйымдастырады, содан кейін Басшылық Хатшылығына ұсынылып отырған не босатылатын кандидатура жөнiнде жауапты хабарлайды.
Келiсу рәсiмi аяқталған соң қызметке тағайындау не қызметтен босату туралы дайындалған құжаттарды Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге қол қоюға енгiзедi.
Тармақ 6
6. Жоспарлы ротация шеңберінде мемлекеттік әкімшілік қызметтің
«А» корпусына жатқызылған лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу ережелерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 153 қаулысына
3 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген
Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы)
немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары
қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының,
мемлекеттік жоғары оқу орындарының
ТІЗІМІ
1.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
2.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
3.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ
4.
«Қазақтелеком» АҚ
5.
«Қазпочта» АҚ
6.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
7.
«KEGOC» АҚ
8.
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ
9.
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ
10.
«Эйр Астана» АҚ
11.
«Самұрық-Энерго»АҚ
12.
«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ
13.
«Қазақстан даму банкі» АҚ
14.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
15.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
16.
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
17.
«Стрессті активтер қоры» АҚ
18.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ
19.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ
20.
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ
21.
«Kazsatnet» ҰК» АҚ
22.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
23.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
24.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ
25.
«КазАгроФинанс» АҚ
26.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
27.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ
28.
«Казгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ
29.
«Кәсіпқор» холдингі» АҚ
30.
«Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ
31.
«Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ
32.
«СК-Фармация» ЖШС
33.
«Қазтелерадио» АҚ
34.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
35.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
36.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
37.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
38.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
39.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
40.
Қазақ ұлттық өнер университеті
41.
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
42.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ - акционерлік қоғам
ҰК - ұлттық компания
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік