О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 сентября 2002 года № 945 «О квоте иммиграции оралманов на 2002 год» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің «Оралмандардың 2002 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2002 жылғы 16 қыркүйектегі № 945 Жарлығын іске асыру
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегi N 945 Жарлығын басшылыққа ала отырып және тарихи отанына оралуға тiлек бiлдiрген оралмандар отбасыларының қоныс аударуын және жайласуын ұйымдастыру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Оралмандардың 90 отбасын жинағы орналастыру орны белгiленсiн, соның iшiнде:
Ақжайық ауданына - 5 отбасы
Бөрлi ауданына - 5 отбасы
Зеленов ауданына - 20 отбасы
Тасқала ауданына - 20 отбасы
Теректi ауданына - 10 отбасы
Шыңғырлау ауданына - 5 отбасы
Орал қаласына - 25 отбасы.
Тармақ 2
2. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi Батыс Қазақстан облыстық көшi-қон және демография басқармасымен бiрлесiп, оралмандардың 2002 жылға көшiп келу квотасы және өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдануынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдастырған түрде қоныстандыруға республикалық бюджетте қаралған қаржы шегiнде қабылдауды, сондай-ақ олардың есебiн алуды, орналастырылған жерлерде жайластыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облыстық көшi-қон және демография басқармасы облыстық кеден басқармасымен (Қартов) бiрлесе отырып, оралмандардың көшiп шығуы мен транзиттiк өтуi және мемлекет шекарасынан өту кезiнде оларға көмектер көрсету мәселелерiн Ресей Федерациясының көршiлес облыстарының тиiстi органдарымен бiрлесiп әзiрлесiн.
Тармақ 4
4. Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы (Тыныбеков) оралмандардың облыс аумағымен өту кезiнде және орналасқан орындарында жеке және мүлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау (Мырзахметов), бiлiм (Қасымбеков), еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау (Анищенко) басқармалары оралмандардың отбасы мүшелерiн дәрiгерлiк тексеруден өткiзудi, оралмандарды еңбекке орналастыруды, оқытуды және қайта даярлауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Қала, аудандар әкiмдерi, Батыс Қазақстан облыстық көшi-қон және демография басқармасы 2003 жылдың 10 қаңтарында облыс әкiмдiгiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2002 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Жарлығының орындалуы туралы ақпаратты тапсыратын болсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.С. Сапаровқа жүктелсiн.