О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 сентября 2002 года № 945 «О квоте иммиграции оралманов на 2002 год» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі № 945 “2002 жылға арналған көші-қон квотасы туралы” Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.12.2004 № А-1/332 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі № 945 “2002 жылға арналған көші-қон квотасы туралы” Жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудандар және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, көші-қон және демография басқармасы оралмандардың отбасыларын қабылдауды; қоныстандыруды, жұмысқа орналастыруды және басқа да әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалар бойынша 2002 жылға арналған оралмандардың отбасылары санының квоталарын бөлу және оралмандарды қабылдау мен орналыстыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы бекітілсін (қосымша 1,2).
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (И. М. Комалдинов) оралмандарды медициналық тексеруден өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А. С. Мадияров) көшіп келушілердің зейнетақысы мен басқа да әлеуметтік төлемдерін 13 желтоқсан 1997 ж. № 204-I Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңына сәйкес рәсімдеу шараларын қолдансын.
Тармақ 5
5. Облыстық қазынашылық басқармасы (З. А. Исмаилов) (келісім бойынша) оралмандардың бір рет берілетін жәрдем ақыларын төлеуге, көшуге шығарылған шығындарын өтеуге, тұрғын үй сатып алуға және дәрі-дәрмек алуға Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография агенттігі республикалық бюджеттен бөлген қаржылардың белгіленген мөлшерде және уақытында бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық білім басқармасы (Е. А. Дмитриенко) оқушылардың оқу орындарында, жалпы білім беретін мектепте профиліне сәйкес оқуын қамтамасыз етсін, мектепке дейінгі мекемелерден орындар берсін. Оралмандардың отбасыларында балалары ана тілінде оқып, тәрбие алуы үшін қажетті жағдайлар жасасын.
Тармақ 7
7. Ішкі істер бас басқармасы (Б. З. Байжасаров) (келісім бойынша) оралмандардың мүліктерін қорғау, тіркеуден өткізу және оларға еркін қоныстануы үшін құжаттар беру бойынша іс-шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы № 605 «Оралмандардың отбасыларына тұрғын үй сатып алу ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес облыстық тендерлік комиссияның құрамына аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдерінің орынбасарлары, сонымен қатар қаржы органдарының, жылжымайтын мүлік орталығының, заң қызметінің, оралмандарды орналастыратын жердегі ауылдық округ әкімдерінің өкілдері енгізілсін.
Тармақ 9
9. Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 14 қазандағы № а-10/145 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі № 945 Жарлығын жүзеге асыру туралы» қаулысы күшін жойсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 11
Қосымша 1
Ақмола облысы әкімдігінің
29.12.2002 ж. №а-1/191
“Қазақстан Республикасы Президентінің
16 қыркүйек 2002 жылғы № 945
“2002 жылға арналған көші-қон квотасы туралы”
Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі
іс-шаралар туралы қаулысы
Өзбекстан мен Ресейден квота бойынша келген оралмандардың отбасылары санын аудандар мен қалаларға БӨЛУ
№
Аудандар мен қалалардың атаулары
Өзбекстан
Ресей
1
Ақкөл
20
2
Аршалы
30
3
Астрахан
50
4
Атбасар
15
5
Бұланды
20
6
Егіндікөл
10
7
Есіл
10
8
Ерейментау
30
9
Жақсы
10
10
Жарқайың
10
11
Қорғалжын
10
12
Сандықтау
5
13
Целиноград
10
14
Шортанды
10
15
Зеренді
20
16
Щучье
20
17
Еңбекшілдер
10
18
Степногорск
10
5
19
Көкшетау
20
15
Барлығы
320
20
Басқа 12. Штаб мүшелері:
Қосымша 2
Ақмола облысы әкімдігінің
29.12.2002ж. №а-1/191
“Қазақстан Республикасы Президентінің
16 қыркүйек 2002 жылғы № 945
“2002 жылға арналған көші-қон квотасы туралы”
Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі
іс-шаралар туралы қаулысы
Облысқа Өзбекстан мен Ресейден 2002 жылғы квота бойынша көшіп келген оралмандарды ұйымдасқан түрде кабылдау және орналастыру жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ
Штаб басшысы - Сейітжанов А. С., облыс әкімінің орынбасары
Басшысының орынбасары - Қасенов Т. Ш., көші-қон жөне демография басқармасының бастығы
Штаб мүшелері:
1. Әбдіхалық Ж. С. - “Арқа ажары” газетінің бас редакторы
2. Бекімов М. Е - облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы (келісім бойынша)
3. Үйсінбаев А. С. - облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы
4. Дмитриенко Е. А. - облыстық білім басқармасының бастығы
5. Байжасаров Б. З. - ішкі істер бас басқармасының бастығы (келісім бойынша)
6. Комалдинов И. М. - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
7. Мадияров А. С. - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
8. Савицкий Д. Е. - облыстық қаржы басқармасының бастығы