О внесении изменений в решение акима Костанайской области от 16 октября 2003 года № 41 «О плане мероприятий акима Костанайской области по реализации Программы Правительства Республики Казахстан на 2003-2006 годы», номер государственной регистрации 2577 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 16 қазандағы № 41 «Қостанай облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2577 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің 2003 жылғы 16 қыркүйектегі № 41 «Қостанай облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» шешімімен бекітілген (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2577, 2003 жылғы 25 қараша № 134 «Қостанай таңы») Қостанай облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-бөлімнің 1.2. тармағының 1.2.2. тармақшасындағы: екінші бағана мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы тұрғын-үй-коммуналдық саласын дамыту Бағдарламасын дайындауға қатысу»; үшінші бағана мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне ұсыныстар»;
Тармақша 2
2) 2-бөлімнің 2.2. тармағының 2.2.1. тармақшасындағы: екінші бағана мынадай редакцияда жазылсын: «2005-2015 жылдарға арналған энергия жинау жөніндегі Бағдарламаны (1-кезең 2005-2007 жылдар) дайындауға қатысу; үшінші бағана мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне ұсыныстар».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.С. Мамытбековке жүктелсін.