О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 марта 2004 года N 213 "Об утверждении Правил организации и проведения единого национального тестирования", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан за N 2804 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2804 нөмірмен тіркелген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2804 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде: 16-тармақта: "30 сәуірге" деген сөздер "15 мамырға" деген сөздермен ауыстырылсын; 21-тармақта: "Бағалаудағы баллдарды ауыстырудың тәртібі мен шкаласын Министрлік белгілейді." деген сөздер "Баллдарды бағаға ауыстыруды МК осы Ереженің қосымшасына сәйкес шкаламен жүргізеді." деген сөздермен ауыстырылсын; 32-тармақта: "ҰБТ көлемінде" деген сөздерден кейін "МК шешіміне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын; осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.Ырсалиев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жүктелсін.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2804 нөмірмен тіркелген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Басқа 1. ҰБТ сертификатының баллдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373 бұйрығына қосымша Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымша ҰБТ сертификатының баллдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы __________________________________________________________________ N |            Пән         |   2   |  3   | 4 (жақсы)| 5 (үздік) р/н|                        |(қана. |(қана.|          | |                        |ғатта. |ғатта.|          | |                        |нарлық.| нар. |          | |                        | сыз)  | лық) |          | __________________________________________________________________ 1   Қазақ тілі                  0     1-17     18-24      25-30 2   Орыс тілі                   0     1-17     18-24      25-30 3   Қазақстан тарихы            0     1-13     14-20      21-30 4   Математика                  0     1-9      10-19      20-30 5   Физика                      0     1-9      10-19      20-30 6   Химия                       0     1-9      10-19      20-30 7   Биология                    0     1-12     13-19      20-30 8   География                   0     1-14     15-20      21-30 9   Дүниежүзі тарихы            0     1-11     12-19      20-30 10  Орыс әдебиеті               0     1-13     14-19      20-30 11  Қазақ әдебиеті              0     1-13     14-19      20-30 12  Ағылшын тілі                0     1-15     16-24      25-30 13  Неміс тілі                  0     1-10     11-19      20-30 14  Француз тілі                0     1-11     12-19      20-30 __________________________________________________________________