О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 16 февраля 2004 года N 357 "О кредитовании сельхозтоваропроизводителей области на организацию проведения весенне-полевых и уборочных работ 2004 года" (регистрационный номер 1646, опубликовано в областных газетах "Рудный Алтай" 2 марта 2004 года N 34 и "Дидар" 2 марта 2004 года N 21) Күшін жойған
Басқа 0
"2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 357 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркеу нөмірі 1643, облыстық газеттер "Рудный Алтай" 2004 жылғы 2 наурыздағы N 34 және "Дидар" 2004 жылғы 2 наурыздағы N 21 сандарында жарияланған)
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының 2004 жылғы 12-мамырдағы N 7-1-04 ұсынымын орындау үшін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-II Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2004 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кредиттеу туралы" облыстық әкімияттың 2004 жылғы 16-ақпандағы N 357 қаулысына (тіркеу нөмірі 1643 2004 жылғы 18-ақпан, облыстық газеттер "Рудный Алтай" 2004 жылғы 2-наурыздағы N 34 және "Дидар" 2004 жылғы 2-наурыздағы N 21 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "2. Бағдарлама әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеуші өнеркәсіп басқармасы (Ибраев Т.Т.) заңнамаға сәйкес Қарыз алушы Банктерді анықтау бойынша конкурс өткізсін";
Тармақша 2
2) қосымшаның 3-бөлімнің (Кредиттеу тәртібі) 2-тармағының 2-тармақшасындағы "Жеткізуші мен" сөзі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.