О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 марта 2004 года № 213 "Об утверждении Правил организации и проведения единого национального тестирования" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.»"Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 213 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2804 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж. N 21-24, 926-құжат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 373 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2837 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, N 21-24, 2004 ж. 928-құжат, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3345 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1057 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. N 9-13, 52-құжат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 89 бұйрығы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4134 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 71-72 (1051-1052) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу ережесінде: 3-тармақта: "қабылдау" деген сөз "түсу" деген сөзбен ауыстырылсын; 3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3-1. ҰБТ-ы тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тестілеу өткізілетін пункттердің базасында өткізіледі (бұдан әрі - ҰБТ ӨП)."; 5-тармақта: "тіркеу тізілімінде N 3298" деген сөздердегі "3298" деген сандар "4394" деген сандармен ауыстырылсын; "министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 қарашадағы N 953" деген сөздер "министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "МК құрамының саны тақ болуы және 11 адамнан аспауы керек."; 9-тармақта: 4) тармақша алынып тасталсын; 5) тармақшадағы "жағдай жасайды" деген сөздерден кейін " және тестілеу технологиясының сақталуын қамтамасыз етеді;" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақ алынып тасталсын; 12-тармақта: "күші бар" деген сөз "заңды" деген сөзбен ауыстырылсын; 13-тармақта: "білім беру ұйымдарының" деген сөздерден кейін "қазақ және орыс тілдерінде білім алған" деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ҰБТ-ы төрт пән бойынша өткізіледі: үшеуі міндетті - қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы және таңдаған мамандыққа байланысты Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес таңдау бойынша пәндердің біреуі."; екінші абзацта "Шығармашылық" деген сөз "Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін" деген сөздермен ауыстырылсын, "мұндай бітірушілерге" деген сөздерден кейін "арнайы немесе" деген сөздермен толықтырылсын; 16-тармақта: "30" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын; 30-тармақта: "Сертификаттың қолданыс мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін." деген екінші абзацтағы сөйлем "Сертификаттың, оны берген күннен бастап бір жыл бойы күші бар." деген сөйлеммен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Т.Балықбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы Қ.Айтбайға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.