О внесении изменений в постановление акимата области от 16 февраля 2004 года № 31 "О создании комиссии по прогнозированию потребности бюджетной сферы в квалифицированных рабочих и специалистах" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бюджеттiк саланың бiлiктi қызметкерлерi мен мамандарына сұранысты болжау жөнiнде комиссия құру туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы № 31 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 1 тармағы 21) тармақшасы мен "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы 28-бабы негiзiнде облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Бюджеттiк саланың бiлiктi қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөнiнде комиссия құру туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 31 қаулысына (тiркеу N 1160 2004 жыл 25 ақпан, "Солтүстiк Қазақстан" 2004 жыл 1 наурыз, "Северный Казахстан" 2004 жыл 1 наурыз) мына өзгерiстер енгiзiлсiн: 1 тармақта: "қосымшаға сәйкес құрамда" деген сөздер алып тасталсын; облыс әкiмдiгiнiң жоғарыда аталған қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiк саланың бiлiктi қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөнiндегi комиссия туралы ереженiң 1.5. тармағында "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" деген сөздер "Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын.