О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 16 августа 2004 года № 77 «О правилах оказания жилищной помощи» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері туралы» мәслихаттың 2004 жылғы 16 тамыздағы № 77 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасының Заңы және «2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 386 қаулысы негізінде, Таран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Таран ауданы мәслихатының 2004 жылғы 16 тамыздағы № 77 «Тұрғын үй көмек көрсету Ережелері туралы» (әділет басқармасында 1 қыркүйек 2004 жылы № 3136 тіркелген, 17 қыркүйек 2004 жылғы № 37 «Шамшырақ» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімінің 1-қосымшасы 4-1-тармағымен толықтырылсын: «4-1. Қалалық телекоммуникациялар торабындағы абоненттерге, телефонға абоненттік төлем тарифтері тұрғын үй және коммуналдық кызмет көрсету үшін шығыстарының сомасына, телефонға абоненттік төлемінің жоғарылату айрықшылығын енгізу арқылы жүзеге асырылады.»; 13-тармақ мына редакцияда баяндалсын: «13. Уәкілетті органы, тұрғын үй көмек көрсету сомасын жабдықтаушылардың қызмет көрсету шотына жеке тұлғаның (алушының) жазбаша өтініші бойынша немесе «Қазпошта акционерлік қоғамында немесе банкттік қызметті жүзеге асыру үшін тиісті лицензиялары бар ұйымдарда ашылған алушылардың жеке шоттарына аударады.».
Тармақ 2
2. Берілген шешім Таран ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.