О внесении изменений и дополнений в решение от 16 августа 2004 года № 77 «О правилах оказания жилищной помощи» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері туралы» 2004 жылғы 16 тамыздағы № 77 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148 Қазақстан Республикасы Заңы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 16 сәуір 1997 жылғы № 94 Қазақстан Республикасы Заңы негізінде, Таран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері жайлы» 2004 жылғы 16 тамыздағы № 77 шешіміне (мемлекеттік тізіліміндегі нормативтік құқықтық атілерді тіркеудің нөмірі 3136, 2004 жылдың 17 қыркүйегіндегі № 37 «Шамшырақ»), бұдан бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері жайлы» 2004 жылғы 16 тамыздағы № 77 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2005 жылғы 27 қазандағы № 62 шешімімен (мемлекеттік тізіліміндегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің нөмірі 9-18-12, 2005 жылғы 18 қарашадағы № 47 «Шамшырақ»), «Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері жайлы» 2004 жылдың 16 тамызындағы № 77 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы № 11 шешімімен (мемлекеттік тізіліміндегі нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің нөмірі 9-18-47, 2007 жылғы 15 наурыздағы № 11 «Шамшырақ»), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасына: 2-тармағындағы «20 пайыз мөлшерінде белгіленеді» деген сөздер «15 пайыз мөлшерінде белгіленеді» сөздеріне ауыстырылсын; 3-тармағындағы «және бірақ бір бөлмесі пәтерден кем емес адамдарға үшін пайдалы 18 шаршы метрді құрайды» деген сөздер «және бір бөлмесі пәтерден кем емес әр отбасына 18 шаршы метр қосымша 9 шаршы метрді құрайды» сөздеріне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.