О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 мая 2005 года N 1573 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 16 мамырдағы N 1573 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 103 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 2, 22-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1328 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 49, 449-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 565 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 19, 209-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 3-тармағы.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.