О внесении изменения в постановление акимата Кызылжарского района от 16 февраля 2005 года № 130 «Об утверждении правил предоставления социальных выплат на санаторно-курортное лечение отдельным категориям граждан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылжар ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 ақпандағы №130 «Жеке санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлем беру ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына (14 тармақшасына), Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылжар ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 ақпандағы № 130 «Жеке санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік төлем беру ережелерін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: Ережелердің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «Жеке санаттағы азаматтарды санаторлық-курорттық емдеуге әлеуметтік төлем берудің нақты ережелері (әрі қарай - Ережелер) жеке санаттағы азаматтардың санаторий, профилакторий және пансионаттарда тегін санаторлық-курорттық емделуден өтуіне әлеуметтік төлем (әрі қарай - әлеуметтік төлем) тәртібі мен шарттарын анықтайды».