О внесении дополнений в постановление акимата от 16 марта 2005 года № а-3/67 Буландынского района «Об утверждении правил выплаты единовременной помощи участникам и инвалидам Великой Отечеств войны, труженикам тыла, вдовам, не вступивший в повторный брак, погибших (умерших, пропавших без вести) воинов в Великой Отечественной войне Қолданыста
Басқа 0
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан тұрмысқа шықпаған жесірлеріне бір жолғы көмек төлеуің ережесін бекіту туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № а-3/67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес және «2005 жылғы аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 18.02.2005 жылдағы № 3С-17/1 шешімін орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Әділет департаментінде 19.03.05 жылда № 3088 тіркелген «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан тұрмысқа шықпаған жесірлеріне бір жолғы көмек төлеуің ережесін бекіту туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № а-3/67 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
Қаулының атауында, толық мәтіні бойынша және бекітілген қосымшасында «тыл еңбеккерлеріне» деген сөзден кейін «Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталған» сөздерімен;
«Ұлы отан соғысында» сөздерінен кейін «екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі концлагерлердің, гетто және басқа да жерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4
Қосымша Ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 16 наурыздағы № а-3/67
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне,
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан
(қайтыс болған, хабарсыз кеткен)
жауынгерлердің қайтадан тұрмысқа шықпаған
жесірлеріне бір жолғы көмек төлеуің
ережесін бекіту туралы»
қаулысымен бекітілген
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан тұрмысқа шықпаған жесірлеріне бір жолғы көмек төлеуің ЕРЕЖЕСІ
Бұл ереже Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2005 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан тұрмысқа шықпаған жесірлеріне бір жолғы көмек төлеудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлем шотының негізінде аудандық мәслихаттың 18.02.2005 жылда бекітілген № С-17/1 шешіміне сәйкес сомада ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан тұрмысқа шықпаған жесірлеріне бір жолғы көмекті олардың зейнетақы шоттарына 2005 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде көшіреді.
Тармақ 2
2. Ақмола облыстық филиалының Бұланды аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бөлімшесі (бұдан былай - Орталық филиалы) 2005 жылғы 1 сәуірге дейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2005 жылғы 31 наурызға Орталықтан әлеуметтік төлем алатын соғысқа қатысушылардың, тыл еңбеккерлерінің, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан тұрмысқа шықпаған жесірлерінің тізімін береді.
Тармақ 3
3. Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2005 жылғы 1 сәуірге дейін 2005 жылғы 31 наурызға дейінгі жағдайға соғысқа қатысушылардың, тыл еңбеккерлерінің, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан тұрмысқа шықпаған жесірлерінің тізімін береді.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2, 3-тармақтарда көрсетілген органдардың берген тізімін ескере отырып, бір жолғы көмек төлеу үшін соғысқа қатысушылардың, тыл еңбеккерлерінің, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан тұрмысқа шықпаған жесірлерінің тізімін тұрғызады;
бір жолғы төлемдерді тұрғызылған тізімдердің негізінде 2005 жылғы 15 сәуірге дейін соғысқа қатысушылардың әрқайсысына 10 000 теңгеден, тыл еңбеккерлері мен соғыста қаза тапқандар мен қайтыс болған соғысқа қатысушылардың жесірлерінің әрқайсысына 5 000 теңгеден Халық банкінің Бұланды аудандық филиалында, сондай-ақ Бұланды аудандық пошта байланысы торабында зейнетақы мен жәрдемақы көшіру үшін ашылған жеке шоттарына көшіру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Халық банкінің Бұланды аудандық филиалына және аудандық пошта байланысы торабына бір жолғы көмекті төлеу жөніндегі қызметі үшін ақы төлеу аталған ұйымдар мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында заңмен белгіленген тәртіп бойынша тұрғызылған шарттың негізінде жүргізіледі.