О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Камыстинского района от 16 марта 2005 года № 54 «Об утверждении Инструкции о порядке и условиях финансирования общественных работ» номер государственной регистраций 3414 Қолданыста
Басқа 0
Қамысты ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 54 мемлекеттік тіркеу нөмірі 3414 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін орындауда Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 16 наурыздағы № 54 Қамысты ауданы әкімдігінің қаулысына «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3414, «Новый путь - Бозторғай» № 24 , 2005 жылғы 27 мамыр) келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1) «жергілікті бюджет қаражатынан» деген сөз «бюджет қаражатының есебінен» деген сөзбен ауыстырылсын ;
2) 3 бөлімнің 9 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларының еңбегіне төлеген ақы шығыны, Қамысты ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталған мөлшерде, әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына жүргізілетін әлеуметтік есептеулер, банк агентінің жеке шотына аудару бойынша кызметтің құны, бюджет қаражатының есебінен өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп - айырысу шоттарына аударылады.