О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2006 года N 557 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы N 557 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы N 557  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 22, 226-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: "Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жобалаудың және оны нормативтік-техникалық қамтамасыз етудің заңнамалық базасын жетілдіру" деген 3-бөлімде: 6-бағанда: реттік нөмірі 14-жолдағы "422,48", "160,81" және "172,07*" деген сандар тиісінше "1070,02", "797,75" және "182,67" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 15-жолдағы "299,16" және "108,56*" деген сандар тиісінше "278,86" және "88,26" деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 16-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Талап етілмейді"; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-1-жолмен толықтырылсын: "19-1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы- ның ау­ма­ғын ұй­ым­да­сты­ру­дың бас схе­ма­сын әзір­леу бой­ын- ша дай­ын­дық іс-ша­ра­ла­рын өт­кі­зу Нор­ма­тив­тік- тех­ни­ка­лық құ­жат­тар ИСМ 2008 жы­л­ғы IV тоқ­сан 29,97 2008 ж. - 29,97 Рес­пуб- ли­ка­лық бюд­жет " реттік нөмірі 20-жолдағы "793,34", "286,03" және "305,85*" деген сандар тиісінше "1446,55", "922,97" және "322,12" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі