О внесении изменений в постановление акимата города Степногорска от 16 января 2006 года № а-1/17 «Об организации социальных рабочих мест в 2006 году» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № ә-1/17 «2006 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабын негізге алып, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы № ә-1/17 «2006 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2006 жылдың 2 ақпанында № 1-2-35 тіркелген, 2006 жылғы 23 ақпандағы № 8 (218) «Престиж» газетінде жарияланған) қаулысына, Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № ә-6/234 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2006 жылғы 2 мамырда № 1-2-43 тіркелген, «Вечерний Степногорск» газетінде 2006 жылғы 17 мамырда № 6 (6) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында: жолындағы реттік нөмірі 4 «10» деген сан «20» деген санымен ауыстырылсын; жолындағы реттік нөмірі 7 «Швейник ЖШС» деген сөздер «ЖК Зенченко В.А.» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын; жолындағы реттік нөмірі 14 «ЖК Лаишев» деген сөздер «ЖК Джиоева С.А.» деген сөздермен ауыстырылсын; жолындағы реттік нөмір 15 «ЖК Хицкий» деген сөздер «Степногорск Стройсервис ЖШС» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Р. Қадыровқа жүктелсін.