О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2006 года № 557 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 16 маусымдағы N 557 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметi мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк нормативтер жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi кейбiр мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 16 маусымдағы N 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 22, 226-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қалa құрылысы, құрылыс қызметi мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк нормативтер жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында: 6-бағанда: реттiк нөмiрi 12-жолда: "83,86", "24,9" және "32,5" деген сандар тиiсiнше "67,70", "20,02" және "21,22*" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 14-жолда: "282,5", "94,1*" және "98,8*" деген сандар тиiсiнше "422,48", "160,81" және "172,07*" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 15-жолда: "309,3", "109,7*" және "114,2*" деген сандар тиiсiнше "299,16", "105,20" және "108,56*" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 16-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "4,0 - 2008 ж.- 4,0*"; реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағаны: "675,66", "228,7*" және "245,5*" деген сандар тиісінше "793,34", "286,03" және "305,85*" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.