О внесении дополнения в постановление акимата района от 16 марта 2006 года № 91 «06 организации оплачиваемых общественных работ на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
«2006 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 91 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 20-бабына, 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлерімен көлемін және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін кәсіпорындар Тізбесінің «Тұрғын үй-коммуналдык шаруашылық ұйымдар арқылы елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағына тазалау жұмысын өткізуге көмек беру», «Әлеуметтік-мәдениетті тағайындау объектілерін, күрделі тұрғын үй жөндеуде қайта құруына, құрылысқа қатысу (көгаландыру, көркейту)» және «Аймақты экологиялық сауықтандыруына қатысу» бөліміндерінде қоғамдық жұмыстардың көлемі толықтырымы, («Федоровские новости» газетінде 2006 жылы 11 мамырда жарияланған, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-21) «2006 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 91 қаулысына қосымшаға сәйкес толықтыру енгізілсін.
Тармақ 2
2. Федоров ауданы әкімдігінің «Бытсервис Федоровка» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры А.Д. Пархоменкоға және «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері В.В. Финкке «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық жұмыстарды орындау шарттарын жасау үшін жұмыстардың нақты түрлері мен шарттарын анықтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 4. Қоғамдық жұмыстардың түрлерімен көлемін және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың Тізбесіне толықтырулар
Әкімдіктің
2006 жылғы 13 шілдедегі
№ 216 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлерімен көлемін және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін кәсіпорындардың Тізбесіне толықтырулар