О внесении изменений в совместное решение маслихата от 16 апреля 2007 года № 32/3 и постановление акимата города Усть-Каменогорска от 2 апреля 2007 года № 253 "О переименовании улиц" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы мәслихатының 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 32/3 және әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 253 "Көшелерді қайта атау туралы" бірлескен түрдегі шешімі мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 14 наурыздағы қорытындысының негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 32/3 және Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 253 "Көшелерді қайта атау туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-1-60, 2007 жылғы 2 маусымдағы № 59 "Дидар", 2007 жылғы 2 маусымдағы № 81 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) бірлескен түрдегі шешімі мен қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтағы "Тоқымашылар даңғылының торапты бөлігін" сөздері "Тоқымашылар даңғылы" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.