О внесении изменений в постановление акимата города от 16 января 2008 года № 10/1 «Об утверждении стандартов оказания государственных услуг государственным учреждением «Отдел земельных отношений акимата города Экибастуза» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 10/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 1-9-бабының 2,3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға керсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет кәрсетудің үлгі Стандартын бекіту туралы» № 558 Қаулысының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері женіндегі Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының көрсеткіштерін анықтау бойынша модельдік әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 02-01-02/172 бұйрығына сәйкес, жергілікті атқарушы органның актілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі қаулы ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» (2008 жылғы 23 қаңтардағы № 12-3-133 МТН, 2008 жылғы 7 ақпандагы № 6 «Вести Екибастуза» және «Отарқа» газеттерінде жарияланған) № 10/1 қаулысына (бұдан әрі-Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін: Қаулының 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларындағы 10, 12, 24-тармақтар, 5-қосымшасындағы 17-тармақ және 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларындағы сапа және қол жетімділік көрсеткіштер мәнінің кестесі жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланган күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.