О внесении изменений и дополнений в решение от 16 февраля 2008 года № 60 "Об установлении ставок платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлем мөлшерлермелерін бекіту туралы" 2008 жылғы 16 ақпандағы N 60 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 462-бабына, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және 101-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 344 қаулысына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 16 ақпандағы № 60 шешіміне (2008 жылғы 19 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3628, 2008 жылғы 21 наурыздағы № 35-36 "Қостанай таңы", 2008 жылғы 26 наурыздағы № 37 "Қостанай таңы" 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 49 "Костанайские новости") мынадай өзгерістер мен толықтырулар шешімінің қосымшасына енгізілсін: 2) тармақша ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: "2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін мөлшерлемелеріне: энергия өндіруші ұйымдар; табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі: 1 0,3 коэффиценті; 2 0,43 коэффиценті; 4 0,25 коэффиценті;"; ескертпе мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициентерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.".
Тармақ 2
2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.