О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 16 января 2008 года № 8/1 «Об утверждении Стандартов оказания государственных услуг государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 16 қаңтардағы "Екібастұз
қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 8/1 қаулысыка өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының көрсеткіштерін анықтау бойынша модельдік әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 02-01-02/172 бұйрығы негізінде және жергілікті атқарушы органдардың актілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы "Екібастұз
қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер
белімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын
бекіту туралы» (2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12-3-135 МТН, 2008 жылғы
21 ақпандағы № 8 «Вести Екибастуза» және 2008 жылғы 14 ақпандағы № 7
«Отарқа» газеттерінде жарияланған) № 8/1 қаулысына (бұдан әрі-Қаулы) келесі
өзгерістер енгізілсін:
"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер болімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет корсету стандарттары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.