О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 16 января 2008 года № 8/1 «Об утверждении стандартов оказания государственных услуг государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 8/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес және жергілікті атқарушы органның актісін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер болімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» (2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12-3-135 МТН, 2008 жылғы 21 ақпандағы № 8 «Вести Екибастуза» және 2008 жылғы 14 ақпандағы № 7 Отарқа» газеттерінде жарияланған), Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы мамырдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету тандарттарын бекіту туралы» № 8/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» » № 8/4 қаулысымен енгізілген өзгерістермен (2008 жылғы 27 мамырдағы № 12-3-166 МТН, 2008 жылғы 19 маусымдағы № 25 «Вести Екибастуза» газетінде жарияланған) № 8/1 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін: Қаулының «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу» мемлекеттік кызмет көрсетудің стандарты» 7-қосымшасы жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.