О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 16 января 2008 года № 9/1 «Об утверждении стандарта оказания государственных услуг государственным учреждением «Отдел финансов акимата города Экибастуза» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» № 9/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 баптары 2,3 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 маусымдағы 2007 жылғы «Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізілімін бекіту туралы» № 561 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгілік стандартын бекіту туралы» № 558 Қаулысының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының көрсеткіштерін анықтау бойынша модельдік әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» № 02-01-02/172 бұйрығына сәйкес және жергілікті атқарушы органның актісін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» № 9/1 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы), (2008 жылғы 23 қаңтардағы МТН № 12-3-132, 2008 жылдың 7 ақпанындағы № 6 «Вести Екибастуза» жэне «Отарқа» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: Қаулының қосымшасындағы 11,12 тармақтары және қол жетімділік мәні мен сапа көрсеткіштерінің кестесі жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Дычкоға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.