О внесении изменения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 16 июля 2009 года № 151 "Об утверждении Правил определения целесообразности бюджетного кредитования" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 187-бабы 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылға 16 шілдедегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5727 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 8 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Инвестициялық саясат департаменті (Н.А.Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә.Құсайыновқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың әрекеті ол қолданылуға енгенге дейін туындаған қатынастарға таралмайда.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрдің міндетін атқарушының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы осы қағида (бұдан әрі - Қағида) мемлекеттік бюджеттен бюджеттік кредит беру ретінде қаражат бөлудің орындылығын қарау мен айқындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Бюджеттік кредиттер:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілген;
Тармақша 2
2) ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер мәслихаттар шешімімен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға және сомалар шегінде беріледі.
Тармақ 3
3. Бюджеттік кредиттер:
Тармақша 1
1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;
Тармақша 2
2) мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға;
Тармақша 4
4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығының орнын толықтыруға;
Тармақша 5
5) мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндеттерін шешуге беріледі.
Тармақ 4
4. Бюджеттік кредиттер беру мынадай:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;
Тармақша 2
2) міндеттемелердің орындалуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз етудің болуын көздейтін қамтамасыз етілу;
Тармақша 3
3) бюджеттік кредитті бергені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;
Тармақша 4
4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімдік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қарыз алушылар, түпкілікті қарыз алушылар, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу шарттары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер берілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Бюджеттік кредиттер Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында айқындалған шарттар мен критерийлер сақталған кезде беріледі.
Тармақ 8
8. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу, қарыз алушылардың шаруашылық қызметі шығындарының орнын толтыру, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) қызметтеріне ақы төлеу мақсаттарына берілмейді.
Тармақ 9
9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға ұсынған бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік кредит беру критерийлеріне сәйкестілігі мәніне, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік кредиттер бойынша экономикалық қорытындыны қарайды.
Тармақ 10
10. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындауды бюджеттік өтінім мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік кредит беру критерийлеріне бюджеттік кредит беру арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама әкімшісі ұсынған бюджеттік бағдарламаға сәйкестілігі қорытындысын қарау кезінде бюджеттік комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламаны бюджет жобасына қосу бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тарау 2. 2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
Тармақ 12
12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік кредит беру кезінде кредиттік шарттың тарапы болып табылады және:
Тармақша 1
1) қаржы агенттіктерін қоспағанда, мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдерді (агенттерді) конкурстық негізде айқындауды;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетуге бақылауды және мониторингіні жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджеттік комиссия айқындаған бюджеттік инвестициялық жобаларды тиісті бюджеттен қаржыландырудың шығыстар лимиттері, тізімдері және көлемдері шегінде бюджеттік өтінім жасайды. Бюджеттік өтінім жасаған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік кредиттеу жолымен қаржыландырылуы мүмкін іс-шараларды айқындайды.
Тармақ 14
14. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі немесе бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қаржы агенттігін қоспағанда, сенім білдірілген өкілді (агентті) айқындайды. Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым сенім білдірілген өкілдер (агенттер) бола алады.
Тармақ 15
15. Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау үшін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзінде мыналарды қамтуы тиіс негіздемелік құжатты ұсынады:
Тармақша 1
1) бюджеттік кредиттеу жолымен стратегиялық жоспар жобасының құрамына енгізілген бюджеттік бағдарлама бойынша шығыс түрлерінің есептері;
Тармақша 2
2) бюджеттік кредиттеу бағыты көрсетілген, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаны іске асырудың экономикалық және қаржылық тиімділігі есебінің факторлары мен бастапқы шарттары, альтернативті көздерді қарастыру және жобаны қаржыландырудың схемасы жайында ақпарат көрсетілетін ақпараттық парақ;
Тармақша 3
3) жобаны орындау үшін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындайтын негіздеуші ақпарат: жобаны орындау үшін шығын көлемін растау; сәйкес салада орындалатын, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер кредитін тарту арқылы қаржыландырылатын жобаны қаржыландыру көзін талдау; кредиттеу шарттарын негіздеу (соның ішінде сыйақы төлемі, кредит сомасы және оны өтеу кестесі); түпкілікті қарыз алушыларды кредиттеу шарттарын негіздеу (мұндай болған жағдайда); қаржылық агенттіктерді бюджеттік кредиттеу кезінде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес берілетін көрсеткіштер тізбесі, сондай-ақ Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 565-2-тармағының сәйкес құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдағы 26 қаңтардағы № 220 қаулысымен бекітілген;
Тармақша 4
4) түсіндірме хат.
Тарау 3. 3. Бюджеттік кредиттер беру кезіндегі сыйақы ставкаларын айқындау
3. Бюджеттік кредиттер беру кезіндегі сыйақы ставкаларын айқындау
Тармақ 16
16. Бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, қаржы агенті бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін айналым мерзімімен бірге бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айналысқа шығарған тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша орташа өлшемді кіріс ставкасының бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операцияларының нәтижелері бойынша алдыңғы тоқсанда қалыптасқаннан төмен емес айқындайды.
Тармақ 17
17. Инвестициялық жобаларды іске асырған кезде бюджеттік кредит бойынша сыйақы ставкасы мынадай дәйектілікте айқындалады: түпкілікті қарыз алушылар үшін – қарыз алушылар үшін. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін кірістілік ставкасы және қарыз алушылардың маржасына салынатын параметрлер көлемі бойынша есептер мен негіздемелерді ұсынуы тиіс. Бұл ретте, агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда, түпкілікті қарыз алушы үшін мамандандырылған ұйым белгілейтін сыйақы ставкасының мөлшері айналым мерзімі бюджеттің кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджетті атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленетін екі еселік сыйақы ставкасынан аспауы тиіс. Бюджеттік кредиттеу кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қаржы агенттері қарыз алушының маржасын салынатын операциялық шығыстардың көлемін ескере отырып есеп айырысу жолымен және ұсынылатын мәні жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 0 %-дан 1,5 %-на дейін айқындалады. Бұл рет те қарыз алушы маржасының құрамындағы әкімшілік шығыстардың деңгейі жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспауы тиіс, тәуекелді бағалау жыл сайын бюджеттік кредит сомасының 1 %-нан аспауы тиіс. Бұл көлемдер осы Қағидалардың 15 және 26-тармақтарына сәйкес құжаттама құрамында ұсынылған ақпараттың негізінде есептеледі.
Тармақ 18
18. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы ставкасы, республикалық маңыздағы қалалар, астана кредитордың шешімімен бекітіледі
Тармақ 19
19. Айналым қаражатын толықтыру мақсатындағы сыйақы ставкасы осы Қағидалардың 9-қосымшаға сәйкес тиісті есеп айырысулар мен негіздемелерді ұсынған кезде бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ұсыныстары бойынша айқындалады. Бұл ретте, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның пруденциалды нормативтерін сақтауға тиісті.
Тарау 4. 4. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
4. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
Тармақ 20
20. Бюджеттік инвестициялық жобаларды орындау үшін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау, iрiктеу, iске асыруды мониторингiлеу және бағалау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі осы ережелердің 15 және 20-тармақтарына сәйкес құжатаманы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджет есебінен қаржыландыру жоспарланған бюджеттік кредиттер бойынша экономикалық қорытындыны қоса бере отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспар жобасының құрамында жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін енгізеді. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджет есебінен қаржыландыру жоспарланған бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредиттің орындылығы туралы қорытынды ұсынуды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган олардың бюджеттік кредиттеу критерийлеріне және жергілікті атқарушы органның тиісті жылға арналған борышының лимитіне сәйкестігіне қорытындысын ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
5. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
Тармақ 22
22. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау қаржы-экономикалық негіздеме талдауына негізделеді.
Тармақ 23
23. Бюджеттік кредиттердің қаржы-экономикалық негіздемесі ішкі саяси қызмет жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы дайындалатын қолданыстағы бюджеттік бағдарламаны іске асыруға бюджет қаражатын салудан негіздемені, орындылықты және нәтижені бағалау құжатын білдіреді.
Тармақ 24
24. Бұл ретте инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде қарастырылатын шет мемлекеттердің аумағында құрылыс салуды көздейтін іс-шаралар болған жағдайда аумағында осы жобаны іске асыру жоспарланған мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте дайындалған техникалық-экономикалық негіздеме мен ол бойынша қорытындыны ұсыну қажет.
Тарау 6. 6. Қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру үшін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау
6. Қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру үшін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау
Тармақ 25
25. Қаржы агенттерін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау:
Тармақша 1
1) бюджетті кредиттеу есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін;
Тармақша 2
2) қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдар) талдауға негізделеді. Бұл ретте, айналым қаражатын толықтыруға арналған бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау кезінде мамандандырылған ұйымдарды ғана талдау жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік кредиттер бойынша техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады. Қаржы агенттерін бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ұсынған республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер ұсынуға бағытталған деректердің негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негізінде (қаржы моделін және сонымен байланысты материалдарды қамтитын) жүргізіледі. Сондай-ақ осы қағидалардың 15-тармағына сәйкес негіздеуші құжаттамаға қосымша мынадай ақпарат ұсынылады: Түпкілікті қарыз алушыға талдау жүргізу үшін түпкілікті қарыз алушының алдындағы 3 жылдағы (өтініш берген күніне соңғы есептік кезең) қаржылық есептілік деректері пайдаланылады. Үш жылдан кем жұмыс істейтін қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымды) талдау үшін нақты жұмыс істеген кезеңіндегі деректер қабылданады.
Тармақ 27
27. Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ қарыз алушының (мамандандырылған ұйымдар) есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау осы қағидаларға қосымшаға сәйкес көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7. Төменгі тұрған бюджеттердің қолдағы ақша тапшылығын жабу үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
7. Төменгі тұрған бюджеттердің қолдағы ақша тапшылығын жабу үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
Тармақ 28
28. Төменгі тұрған бюджеттің қолдағы ақша тапшылығын жабу үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттама талдауына негізделеді.
Тарау 8. 8. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндеттерін шешу үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
8. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндеттерін шешу үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау
Тармақ 29
29. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты міндетін шешу үшін бюджеттік кредиттеу орындылығын айқындау тиісті салалық бағдарлама жобасын қарастыру шеңберінде және осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі берген құжаттама негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Салалық бағдарлама жобасы, сондай-ақ осы бағдарламаға бюджеттік кредиттеу арқылы қаржыландыру жоспарланған іс-шаралар қарастырылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда бюджет коммисиясына шығаруға жатады.
Тармақ 31
31. Осы Қағидалардың 4-тармағының принциптеріне сәйкес келмейтін іс-шараларға бюджеттік кредиттер берілмейді.
Басқа 0. Бюджеттік кредит беру негіздемесі есептерінде көрсетілетін көрсеткіштер тізімі
Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларға қосымша Бюджеттік кредит беру негіздемесі есептерінде көрсетілетін көрсеткіштер тізімі
Тарау 1. 1. Бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау
1. Бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау
Тармақ 1
1. Инвестициялық жобаға қаражат жұмсаудың тиімділігін айқындау мақсатында инвестициялық жобаның тиімділігіне талдау жүргізілетін болады. Ол үшін мынандай көрсеткіштер пайдаланылады: қарапайым өтелімділік мерзімі (payback period, PВP); дисконтталған өтелімділік кезеңі (discounted payback period, DBP); таза дисконтталған табыс (net present value, NPV); табыстылықтың ішкі нормасы (internal rate of return, IRR); табыстылық индексі (profitability index, PI).
Тармақ 2
2. Қарапайым өтелімділік мерзімі (payback period, PBP) – инвестициялық шығыстар жабылатын жобаны жүзеге асырудың басынан бастап ең аз уақыт интервалы (инвестициялық сатының басталуы). Мына формула бойынша есептеледі: мұндағы: – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мәні; n – кезеңдер саны; – t кезеңіндегі таза ақша ағымы. РВР ұсынатын мәні: егер РВР мәні жобаның ұзақтығынан аз болса жоба тиімді болып саналады.
Тармақ 3
3. Дисконтталған өтелімділік кезеңі (discounted payback period, DPP) – ол өткеннен кейін ағымдағы таза дисконтталған табыс теріс емес болатын және одан әрі солай болып қалатын ең аз кезең ұзақтығы. Мына формула бойынша есептеледі: мұндағы: – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мөлшері; n – кезеңдер саны; – t кезеңіндегі таза ақша ағымы. r – дисконттау ставкасы. Дисконттау ставкасы мына формула бойынша есептеледі: мұндағы: Е – есептеудің барлық сатысы үшін бірыңғай болып табылатын дисконт нормасы; (n-1) – бағалау кезеңі мен келтіру кезі арасындағы аралық (жылдардағы). Ұсынылатын DPP мәні: DPP мәні аз болған кезде жоба қолайлы деп саналады.
Тармақ 4
4. Таза дисконтталған табыс (net present value, NPV) – болжамдау кезеңіндегі инвестицияны іске асыру процесінде жүргізілген кірістер мен шығыстардың дисконтталған ақша ағымының айырмашылығы. Мына формула бойынша есептеледі: мұндағы: n – кезеңдер саны; – t кезеңіндегі таза ақша ағымы. r – дисконттау ставкасы. – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мәні. Ұсынылатын NPV мәні: NPV оң мәнінде жоба тиімді деп саналады, NPV мәні теріс болған кезде – жоба қабылданбайды, NPV = 0 – жоба пайда да шығын да әкелмейді.
Тармақ 5
5. Табыстылықтың ішкі нормасы (internal rate of return, IRR) – таза келтірілген табыстың оң (немесе, ең болмағанда, нөлдік) мәнін алуды қамтамасыз ететін дисконттаудың пайыздық ставкасы. Мынандай арақатынастан айқындалады: мұндағы: n – кезеңдер саны; – t кезеңіндегі таза ақша ағымы. – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мөлшері. Ұсынылатын IRR мәні: компанияның инвестициялық саясатымен айқындалатын талап етілетін рентабельділік нормасынан IRR есептелген мәні төмен болмаса жоба қолайлы деп саналады; дисконт ставкасына тең IRR кезінде, NPV нөлге тең; IRR капиталды тәуекелсіз жұмсаған жағдайдағыдан артық болуы тиіс инвестор талап етіп отырған капиталға арналған табыс нормасымен салыстырылады.
Тармақ 6
6. Табыстылық индексі (profitability index, PI) – инвестицияланған қаражаттың бірлігіне арналған табыс сомасын айқындайтын оған жұмсалған қаражатқа жобаның шамамен алғандағы қайтарымдылығы. Мына формула бойынша есептеледі: мұндағы: n – жобаның ұзақтығы; – t кезеңіндегі таза ақша ағымы. r – дисконттау ставкасы. – нөлдік кезеңдегі инвестициялық шығыстардың мөлшері. Ұсынылатын PI мәні: тиімді PI жобасы үшін 1-ден артық болуы тиіс.
Тарау 2. 2. Қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдарды) талдау
2. Қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдарды) талдау
Тармақ 7
7. Қарыз алушыны (мамандандырылған ұйымдарды) (бұдан әрі – Компания) бюджеттік кредиттеудің мақсатқа сай екендігін айқындау мақсатында мамандандырылған ұйымның қаржылық есептілігіне талдау жүргізіледі. Бұл үшін қаржылық есептілікті талдаудың мына түрлері жүргізіледі: тік талдау (vertical analysis); көлденең талдау (horizontal analysis); коэффициенттік талдау (coefficient analysis).
Тармақ 8
8. Қаржылық есептілікті көлденең және тік талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың, кірістер мен шығыстар туралы есептің, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің негізгі баптарында болған өзгерістерді ұсынуды білдіреді. Көлденең (уақытаралық) талдау компанияның деректерін шамамен және абсолюттік түрдегі соңғы екі есепті кезеңдегі деректерін салыстыруды және есептіліктің немесе олардың топтарының жекелеген баптарындағы өзгерістерінің үрдістерін анықтауды білдіреді. Көлденең талдау қаржылық есептіліктің мынандай: 1 «Бухгалтерлік баланс», 2 «Табыстар мен шығындар туралы есеп» және 3 «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп» нысандары бойынша жүргізіледі. Тік (құрылымдық талдау) талдау жалпы қорытынды көрсеткіштегі есептіліктің жекелеген баптарының үлестік салмағын айқындауды және алынған нәтижені алдыңғы кезеңдегі деректермен салыстыруды білдіреді. Тік талдау қаржылық есептіліктің мынандай: 1 «Бухгалтерлік баланс», 2 «Табыстар мен шығындар туралы есеп» нысандары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Коэффициенттік талдау Компанияның қаржылық есептілігін осындай коэффициенттің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) тұрғысынан қаржылық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) жинақтаудың көмегімен зерделеу және олардың динамикасының өзгеруі дегенді білдіреді. Коэффициенттік талдау жүргізу үшін Компанияның қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан алынатын деректер қабылданады.
Тармақ 10
10. Өтімділік коэффициенттері – Компанияның қолда бар ағымдағы (айналымдағы) активтердің есебінен ағымдағы берешектерін өтеу қабілеттігін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Мұндай көрсеткіштердің мәні Компанияның ағымдағы берешектерінің және осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс оның айналымдағы қаражатының мөлшерін салыстыру дегенді білдіреді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (current ratio, CR) Компанияның қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы орындау қабілеттігін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: CA – ағымдағы активтер; CL – ағымдағы міндеттемелер. Ұсынылатын CR мәні: 1 – 2. <1 мәні төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін екендігін, >4 мәні – қарыз қаражатын пайдаланудың белсенділігінің жеткіліксіздігі және салдары ретінде, меншікті капиталының рентабельділігінің аз екені туралы куәландырады.
Тармақ 11
11. Меншікті қаражатпен қамтамасыз етілуі коэффициенті (Own Funds Ratio, OFR) оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет Компанияның меншікті айналымдағы қаражатының бар екенін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: ЕС – меншікті капитал; FА – айналымнан тыс активтер; СА – ағымдағы активтер. Ұсынылатын OFR мәні: >0,1. Егер есепті кезеңнің аяғындағы коэффициенттің мәні <0,1 болса Компания балансының құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал компания төлем қабілеті жоқ болып табылады.
Тармақ 12
12. Рентабельділік коэффициенті – Компанияға жұмсалған қаражаттың жалпы тиімділігін бағалауға арналған және шығындардан қайтарымдылық деңгейі мен қаражатты пайдалану дәрежесін сипаттайды.
Тармақ 13
13. Активтердің рентабельділік коэффициенті (return on assets, ROA) Компанияның активтеріне жұмсалған әрбір теңгеге қанша таза пайда келгенін айғақтайды. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: NI – таза пайда; TA – активтердің орта жылдық сомасы. Ұсынылатын ROA мәні: көрсеткіштің өсіп келе жатқан мәні (серпінде) компания активтерінің пайда туындату қабілеттігі туралы куәландырады.
Тармақ 14
14. Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (return on equity, ROE) Компанияның меншікті капиталының бірлігінен алатын таза пайдасын көрсетеді. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: NI – таза пайда; EC – меншікті капиталдың орта жылдық сомасы. Ұсынылатын ROE мәні: саласына қарай әртүрлі, сонымен қатар, коэффициент мәнінің жоғарылығы оң бағаланады, өйткені капиталға авансланған әрбір теңгеге келетін таза пайда туралы куәландырады.
Тармақ 15
15. Қарыз капиталының рентабельділік коэффициенті (degree of financial leverage, DFL) қарыз капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: – EBIT бойынша активтердің рентабельділігі; WACLP – қарыз капиталының орташа өлшенген бағасы (кредит үшін пайыздар ставкасының орташа мөлшері); TRP – пайдаға салынатын салық ставкасы; LC – қарыз капиталының орташа сомасы; EC – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы. Ұсынылатын DFL мәні: DFL мәні артық болған сайын, қарыз капиталына келетін пайда да арта береді деп пайымдалады.
Тармақ 16
16. Инвестициялар рентабельділігі коэффициенті (return on investment, ROI) жобаға жұмсалған ақша қаражатының сомасына қайтарымдылықты көрсетеді. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: NI – таза пайда; IC - инвестияланған капитал; EC – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы; LTL – ұзақ мерзімді міндеттемелер. Ұсынылатын ROI мәні: коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, инвестициялар тиімді пайдаланылады.
Тармақ 17
17. Төлемге қабілеттілік (ұзақ мерзімді перспективадағы қаржылық тұрақтылық) коэффициенттері Компанияның қаржы ресурстарының жағдайын және олардың жол берілетін тәуекел деңгейі жағдайында төлем қабілеттігі сақталған кездегі оның іскерлік белсенділігінің өсуін қамтамасыз ету қабілеттігін сипаттайды.
Тармақ 18
18. Қаржылық тәуелсіздік қабілеті (equity to total assets, EtTA) авансталған қаржаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні артық болған сайын қаржылық жағынан неғұрлым тұрақты және сыртқы кредиторлардан тәуелсіз кәсіпорын. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: EC – меншікті капитал; TA – активтер сомасы. Ұсынылатын EtTA мәні: бұл көрсеткіш үшін нормативтік мән 0,6 тең.
Тармақ 19
19. Қаржылық левередж коэффициенті (debt ratio, DR) кәсіпорынның қаржылық тәуекеліне тікелей теңбе тең және кәсіпорынның активтерін қаржыландыру көздеріндегі қарыз қаражатының үлесін көрсетеді. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: LC – қарыз капиталы; EC – меншікті капитал. Ұсынылатын DR мәні: диапазонда: 0,5 - 0,8.
Тармақ 20
20. Кредиттердің пайдамен қамтамасыз етілу коэффициенті (percentage of loans profit, PLP) кәсіпорынның кредиттер бойынша борыштарын өтеу мүмкіндіктерін бағалау үшін қолданылады. Мынандай формула бойынша есептеледі: мұндағы: EBIT – салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінгі пайда; A – амортизация; CL – қысқа мерзімді міндеттемелер; LTL – ұзақ мерзімді міндеттемелер. Ұсынылатын PLP мәні: көрсеткіш мәнінің өсуі (динамикасында) кредиттеу қабілеттігі жағдайының жақсаруын айғақтайды.
Тармақ 21
21. Пайыздарды жабу коэффициенті (times interest earned, TIE) ол пайыздар төлеміне қызмет көрсете алатын кәсіпорынның операциялық пайдасын төмендетудің мүмкін дәрежесін көрсетеді. Мынандай формула бойынша есептеледі: EBIT – салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінгі пайда; PP – төленетін пайыздар. Ұсынылатын мәні: >1.
Тармақ 22
22. Қайтарымдылық коэффициенттері тартылған ресурстарды пайдалану қарқындылығын көрсетеді.
Тармақ 23
23. Дебиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (receivables turnover, RT) бір кезеңнің ішінде орташа есеппен дебиторлық берешектің ақша қаражатына неше рет айналғандығын көрсетеді. Мынандай формула бойынша есептеледі: NS – өнімді сатудан түскен пайда; AR – дебиторлық берешектің орташа жылдық құны. Ұсынылатын мәні: көрсеткіш мәнінің жоғарылығы. Коэффициенттің төмен мәні дебиторлардан қаражатты өндіріп алудың күрделі екенін айғақтайды, тиісінше Компанияға айналым капиталы талап етілуінің артуы туралы куәландырады. Бұл көрсеткіштің мәндерін трендте көрсету маңызды.
Тармақ 24
24. кредиторлық берешектің қайтарымдылығы коэффициенті (payables turnover, PT) NS – өнімді сатудан түскен пайда; AP – кредиторлық берешектің орташа жылдық құны. Ұсынылатын мәні: көрсеткіш мәнінің жоғарылығы. Көрсеткіш мәнінің төмендігі бір жағынан кредиторларға төлеу проблемаларын, екінші жағынан кредиторлармен тиімді қатынастар орналасқандығы туралы айғақтауы мүмкін. Бірінші себептегі нұсқаны болдырмау мақсатында коэффициенттің мәнін динамикасында талдау қажет.