О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 1844 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінетін қаржы агенттігі деп белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы»;
Тармақ 1
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі белгіленсін»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 86 қаулысына
қосымша
Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;
Тармақ 2
2. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.